"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 маусым N 897

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь

Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау

және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері

туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


               Қазақстан Республикасының Заңы


           Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь

            Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды

               (жұмыстарды) экспорттау және импорттау

      кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері

                  туралы келісімді бекіту туралы


     1999 жылғы 2 ақпанда Минск қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі

арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде

жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


           Қазақстан Республикасының Үкіметі

      мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы

     Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау

   кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы

                          Келісім


     Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi,


 
       экономика саласындағы интеграцияны одан әрi тереңдетуге, шаруашылық жүргізушi субъектiлер үшiн тең мүмкiндiктердi жасауға және адал ниеттi бәсекелестiктi орнатуға ұмтыла отырып,
      халықаралық сауданың жалпыға бiрдей нормалары мен ережелерiн бағдарға ала отырып, төмендегiлер жөнiнде келiстi:
 
                            1-бап
 
      Келiсiмде қолданылатын терминдер:
      жанама салықтар - қосымша құнға салынатын салықты және акциздердi (акциздiк салық немесе акциздiк алым);
      тауар - кез келген мүлiк (энергияның барлық түрлерiн қоса алғанда), материалдық емес активтердi, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлiк жабдықтарын қоса алғанда жолаушыларды және тауарларды халықаралық тасымалдау үшiн пайдаланылатын кез келген құралдарды есептемегендегi көлiк құралдарын;
      экспорт - қайтадан әкелу туралы мiндеттемесiнсiз Тараптардың кедендiк аумағынан тауарларды әкетудi, Тараптың кедендiк аумағында жұмыстарды жүзеге асыруды;
      импорт - қайта әкету туралы мiндеттемесiнсiз Тараптардың кедендiк аумағына тауарларды әкелудi, Тараптың кедендiк аумағында жұмыстарды жүзеге асыруды;
      арналған елдiң принципi - бiр Тараптың кедендiк аумағынан экспорттау кезiнде қосымша құнға салық салуда акциз салынбауын және нөлдiк ставканы қолдануды және импорт кезiнде екiншi Тараптың ұлттық заңымен белгіленген қолданыстағы ставка бойынша жанама салықтар салуды;
      нөлдік ставка - қосымша құнға нөл процент ставкасы бойынша салық салуды бiлдiредi, мұның өзi қосымша құнға салынған салықтан толық босатуымен бiрдей;
      құзыреттi органдар - Қазақстан тарапынан Қаржы министрлігін, Мемлекеттiк табыстар министрлiгін, Беларусь тарапынан - Қаржы министрлігін, Мемлекеттiк кеден комитетiн, Мемлекеттiк салық комитетiн бiлдiредi.
 
                           2-бап
 
      Екiншi Тараптың аумағынан экспортталып Тараптардың бiрiнiң аумағына импортталған тауарларға (жұмыстарға) импорттаушы мемлекетте, оның заңдарына сәйкес, жанама салықтар салынады. Жанама салықты өндiріп алуды осы Тараптың кедендiк аумағына тауарлар әкелiнген кезде

 

кеден органдары жүзеге асырады.


                         3- бап


     Екiншi Тараптың аумағына экспортталатын тауарларға (жұмыстарға)

Тараптардың бiрi нөлдiк ставка бойынша қосылған құнға салық салатын

болады. Тараптардың бiрiнiң аумағынан екiншi Тарап аумағына

экспортталатын акцизделетiн тауарларға акциздер салынбайды.


                         4 - бап



 
        Тараптардың кеден органдары белгіленген мерзiмдерде кедендiк тұрғыдан ресiмделген тауарлардың орын ауыстырулары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады. Ақпарат алмасудың тәртiбi мен механизмi Тараптардың кеден органдары арасындағы келiсiммен айқындалады.
 
                          5- бап
 
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен пiкiр қайшылықтары құзыреттi органдар арасындағы келiссөздер жүргізу мен консультациялар арқылы шешiледi. Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң

 

ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамамен рәсiмделетiн өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.


                          6 - бап


     Осы Келiсiм халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей принциптерiне

сәйкес iшкi тауар өндiрушiлердiң және ұлттық рыноктың мүдделерiн қорғау

үшiн қажеттi шаралар қолданатын Тараптардың құқығына кедергi келтiрмейдi.


                          7- бап



 
       Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiне ықпал етпейдi.
 
                           8-бап
 
      Осы Келісім осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап он бесінші күні күшіне енеді.
      Келісім Тараптардың бірі осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы хабар алғаннан кейін алты айдан соң, егер бұл хабар Тараптар арасындағы келісім бойынша осы мерзім аяқталғанға дейін кері шақырылмаса, өз қолданысын тоқтатады.

 

     Осы Келісім оның күшіне енген күнінен кейін жеткізілетін

тауарларға (жұмыстарға) қатысты қолданылады.

     Минск қаласында 1999 жылғы 2 ақпанда қазақ, беларусь және орыс

тілдерінде әрбір тілде екі дана болып жасалады және де барлық мәтіндердің

күші бірдей.

     Тараптар арасында осы Келісімнің мәтіні жөнінде пікір алшақтығы

туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтін негізге алынады.


     Қазақстан Республикасының     Беларусь Республикасының

        Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.

    Омарбекова А.      






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады