"Фосфор" АҚ-ның кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 2 шілде N 920

      Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Z970067_ Заңына сәйкес "Фосфор" АҚ-ны банкрот деп тануға және оның маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып, "Шымкентфосфор" жабық акционерлік қоғамының өндірістік қызметін қайта бастаудың қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес "Фосфор" акционерлік қоғамына:
      конкурстық массаға 2 млн. тонна фосфориттік қалдықтарды қоса отырып, "Шымкентфосфор" ЖАҚ-ның "Фосфор" АҚ-ға тиесілі акцияларын бірыңғай лотпен сатуды. Бұл ретте болашақ сатып алушы (бұдан әрі - сатып алушы) үшін бастапқы баға әкімшілік шығындар мен бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары сомасынан кем емес болып белгіленсін;
      сатып алушының сатып алу-сату туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 12 айдың ішінде бекітілген кесте бойынша үшінші кезектегі кредитолардың берешектерін өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін тарату рәсімдерін жүргізудің ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 4,5,6-абзацтары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің
               2000.07.28. N 1159 қаулысымен. P001159_
      2. Конкурстық басқарушы сатып алушының "Шымкентфосфор" ЖАҚ инфрақұрылымдарының жұмыс қабілетін қамтамасыз етуге байланысты шығындарды өтеуін көздесін, өтеу жөніндегі шығыстарды сатып алудың бағасына енгізбестен конкурстық іс жүргізу кезеңінде шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.07.28. N 1159
               қаулысымен. P001159_
      4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен, Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігімен бірлесіп, заңдарда белгіленген тәртіппен сатып алушы үшін жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауға, табиғи газды 4 ГРС-дан "Шымкентфосфор" ЖАҚ-ның тежегішіне дейін тасымалдауға және "KEGOC" АҚ желілері бойынша электр энергиясының транзитіне арналған тарифтерге жеңілдік ұсынсын.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Қазақстан

 

Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша заңдарда белгіленген

тәртіппен "Шымкентфосфор" ЖАҚ-ға салықтар мен республикалық бюджетке

төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша уақыт беруді қарастырсын.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.

    Омарбекова А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады