Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 шілде N 1047. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569  қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектердi өтеудiң тәртiбi туралы ережеде: 
      8-тармақтың бiрiншi абзацындағы "бiр" деген сөз алынып тасталсын; 
      12-тармақта: 
      үшiншi абзацтағы соңғы сөйлем алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын: 
      "Анықтамада Астана қаласындағы салық органдарында 1999 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркелген берушiлер бойынша негiзгi борыш өсiмақылар және айыппұлдар көрсетiле және берешектердiң сомасын Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 1996 жылғы 9 қазандағы N 3127 Жарлығымен  бекiтiлген Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде белгiленген 1999 жылға арналған нормативтер бойынша республикалық бюджет пен Астана қаласы бюджетiнiң арасында бөлiне отырып, төлемнiң әрбiр түрi бойынша берешектiң жалпы сомасы көрсетiледi.";
      46-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл ретте төлем тапсырмасында мынадай деректемелердi көрсету мiндеттi:
      МФО;
      шоттың нөмiрi;
      берушiнiң (салық төлеушiнiң) атауы;
      реттік нөмірімен бірге тоғыз мәнді тіркеу коды, "Кредиторлық берешекті өтеу" деген сөздер және төлемді тағайындаудың мәтіндік  кеңістігіндегі төлемдердің түрлері бойынша сомалар; төлем тағайындау коды (107101);
      шығыстардың он мәнді коды (бюджеттік ұйымдар үшін);
      төлемнің жалпы сомасы.";
      50-тармақтағы "қазынашылықтың аумақтық органының растауында" деген сөздер "төлем тапсырмасында" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады