1999 жылғы 29-30 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешені бойынша Ішкі комиссиясы мәжілісінің Хаттамасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 тамыз N 1121

      1999 жылғы 29-30 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешені бойынша Ішкі комиссиясы мәжілісінің Хаттамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған 1999 жылғы 29-30 шілдедегі Қазақстан

 

Республикасы мен Ресей  Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі

Үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қосымша комиссия

мәжілісінің Хаттамасын жүзеге асыру бойынша шаралардың жоспары бекітілсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сыртқы істер министрлігіне

жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы

                                            Үкіметінің

                                       1999 жылғы 9 тамыздағы

                                        N 1121 қаулысымен

                                            бекітілген


    Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық

      жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешені бойынша Ішкі

     комиссиясы  отырысының 1999 жылғы 29-30 шілдедегі хаттамасын іске    

                  асыру жөніндегі іс-шаралар

                                Жоспары

________________________________________________________________________  

Р/с        Іс-шара                  Атқару                 Жауаптылар

  N                                  мерзімі

_________________________________________________________________________

  1            2                        3                       4

_________________________________________________________________________

  1  Ресейлік тарабымен "Протон"   1999 жылғы  Денсаулық сақтау, білім және

     зымыран-тасығышты ұшырудың    14 тамызға   спорт министрлігі, Ғылым

     қоршаған ортаға зиянды        дейін      және жоғары білім министрлігі

     ықпалын зерттеу мен азайту

     жөніндегі бірлескен қазақ.

     стандық-ресейлік бағдарлама

     шеңберінде "Протон" зымыран-

     тасығыштың апатты құлау

     аймағында тұрып жатқан адам-

     дардың дағдысын бұзудың

     жәй-күйі мен деңгейінің мони-

     торингін өткізудің мерзімдерін

     және көлемін келісу


2   Қазақстан Республикасының        1999 жылғы     Табиғи ресурстар және

     Үкіметіне апатты құлаудың        10 тамызға     қоршаған ортаны қорғау

     зардаптарын жою жөнінде ресей    дейін          министрлігі, Ғылым

     тарабымен бірлесіп шаралар                      және жоғары білім

     қабылдау үшін "Протон"                          министрлігі, Сыртқы

     зымыран-тасығышының 1999                        істер министрлігі

     жылғы 5 шілдеде апатты құлауына

     қатысты ресей тарабы берген

     материалдар бойынша қорытындыны

     ұсыну


3   "Байқоңыр" кешенінің барлық      1999 жылғы   Қаржы министрлігі, Ғылым

     объектілерін түгендеуді          1 қазанға     және жоғары білім

     аяқтау                           дейін         министрлігі, Қорғаныс

                                                    министрлігі


4   Қазақстанның мүдделі министр.    1999 жылғы    Ғылым және жоғары білім

     ліктерімен және ведомстволарымен 1 қыркүйекке   министрлігі

     "Қазақстан Республикасы мен       дейін

     Ресей Федерациясы арасындағы

     ынтымақтастық жөніндегі

     үкіметаралық комиссияның

     "Байқоңыр" кешені жөніндегі

     Ішкі комиссиясы туралы ережені"

     келісу және жұмыс тәртібінде

     бекіту


5   Байқоңыр қаласы әкімшілігі       1999 жылғы    Ғылым және жоғары білім

     басшысының баяндамасында       1 қазанға дейін министрлігі (жинақ),

     көтерілген проблемалық                        Қаржы министрлігі, Еңбек

     мәселелер жөнінде Үкіметке                     және халықты әлеуметтік

     ұсыныстар енгізу                               қорғау министрлігі,

                                                    Энергетика, индустрия

                                                    және сауда министрлігі,

                                             Мемлекеттік кіріс министрлігі,

                                             Әділет министрлігі, Көлік,

                                             коммуникациялар және туризм

                                             министрлігі, Ауыл шаруашылығы

                                             министрлігі, Мәдениет, ақпарат

                                             және қоғамдық келісім

                                             министрлігі, Денсаулық сақтау,

                                             білім және спорт министрлігі,

                                             Сыртқы істер министрлігі


6  "Байқоңыр" кешенінің мүліктерін  1999 жылғы     Қаржы министрлігі,

    есепке алу мен бағалау мәселеле. 14 тамызға     Ғылым және жоғары білім

    ріндегі шарттық-құқықтық базаны  дейін          министрлігі,

    жетілдіру жөнінде, оларды кейін.                Әділет министрлігі

    нен "Байқоңыр" кешені жөніндегі

    Ішкі комиссияға бере отырып ұсы.

    ныстар әзірлеу жөнінде жұмыс

    тобын құру


7  Қазақстанның мүдделі органдармен  1999 жылғы    Ғылым және жоғары білім

    "Байқоңыр" ғарыш айлағының жер    1 қыркүйекке  министрлігі,

    бетіндегі ғарыштық инфрақұрылымы. дейін        Сыртқы істер министрлігі

    ның ғарыштық бағдарламаларды

    орындау кезінде бұдан былай

    пайдаланылмайтын объектілерін

    жалға алудан шығарудың тәртібі

    мен шарттары туралы ереженің"

    жобасын келісу


8  Қазақстан Республикасының Үкіметі  1999 жылғы    Табиғи ресурстар және

    мен Ресей Федерациясының Үкіметі   14 тамызға   қоршаған ортаны қорғау

    арасындағы Ресей Федерациясы жалға  дейін        министрлігі

    алған "Байқоңыр" кешенінің   

    аумағындағы экология және

    табиғатты пайдалану жөніндегі

    1997 жылғы 4 қазандағы келісімді

    жүзеге асыру жоспарын ресей

    тарабының уәкілетті органдарымен

    келісу нәтижелері туралы ақпаратты

    Қазақстан Республикасының

    Үкіметіне ұсыну


9  Қазақстан Республикасы мен Ресей     1999 жылғы Ғылым және жоғары білім

    Федерациясының ғарыш кеңістігін      1 қазанға  министрлігі

    зерттеу және пайдалану жөніндегі     дейін

    бірлескен жұмыс бағдарламасының

    ресей тарабымен келісілген жобасын

    Қазақстан Республикасының

    Үкіметіне ұсыну


10 "Байқоңыр" кешені жөніндегі        1999 жылғы Сыртқы істер министрлігі,

    қолданылып жүрген келісімдерге      10 тамызға  Ғылым және жоғары білім

    өзгерістер мен толықтыруларды енгізу  дейін      министрлігі

    туралы ұсыныстарды қарау жөніндегі

    жұмыс тобының қазақстандық

    бөлігінің құрамы туралы ресей

    тарабын хабардар ету.

    Жұмыс тобының қазақстандық бөлігінің

    жұмыс бабындағы кеңесін өткізу

    және оның нәтижелері туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметіне

    баяндау


11 "Днепр" жобасы бойынша бірлескен     1999 жылғы Ғылым және жоғары білім

    жұмыстардың шарттары мен жүзеге      1 қазанға  министрлігі

    асыру тәртібі "Днепр" жобасына       дейін

    қатысушы-ұйымдармен келісу және

    нәтижелері туралы Қазақстан

    Республикасының Үкіметіне баяндау


12 Мына мәселелер бойынша ресей         1999 жылғы Көлік, коммуникациялар

    тарабымен бірлескен жұмыс топтарын   10 тамызға және туризм министрлі.

      құру:                                дейін    гі,Қорғанысминистрлігі,

    1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан                   Ғылым және жоғары

    ғарыш аппараттарын ұшыру және                   білім министрлігі

    қондыру және әуе кемелерінің

    ұшуы кезінде Қазақстан

    Республикасының әуе кеңістігін

    пайдалану;

    2. Радиожиілік спектрін пайдалану,

    таяу жатқан елді мекендерді

    қоса алғанда, "Байқоңыр" кешенінің

    аумағы мен оған жапсарлас аумаққа

    радиоэлектрондық құралдар мен жоғары

    жиілікті құрылғыларды әкелу және

    пайдалану


13 Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1999 жылғы     Сыртқы істер минист.

    "Байқоңыр" кешені жөніндегі Ішкі    15 қыркүйекке  рлігі (жинақ), Ғылым

    комиссиясының 1999 жылғы 29-30       дейін         және жоғары білім

    шілдедегі отырысы Хаттамасының іске                министрлігі,министр

    асырылу барысы және кезекті отырысқа               ліктер,агенттіктер,

    әзірлігі туралы ақпарат ұсыну                      ведомстволар



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.  





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады