Ақтөбе облысы Ембі-5 елді мекенінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 тамыз N 1226

      Ақтөбе облысы Ембі-5 елді мекенінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысы Ембі-5 елді мекенінің (бұдан әрі - "Ембі-5") тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Ақтөбе облысының әкіміне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте

 

шұғыл мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен Ембі-5 елді

мекенінің әлеуметтік саласын ұстауға, коммуналдық қызметтерге және қысқы

кезеңге дайындауға 20 (жиырма) млн. теңге бөлсін;

     бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                            Қазақстан Республикасы

                                                 Үкіметінің

                                            1999 жылғы 23 тамыздағы

                                            N 1226 қаулысымен

                                                 бекітілген


     Ақтөбе облысы Ембі-5 (бұдан әрі - "Ембі-5") елді мекенінің

      тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

                          Жоспары


N          Іс-шаралар             Аяқтау        Атқару      Атқарушы

                                  нысаны         мерзімі 

1               2                  3              4            5


1.  Қазақстан Республикасының   Ақпарат       01.10.99 ж.  Облыс әкімі

    Қорғаныс министрлігіне бе.

    рілген арнайы объектілерден

    басқа "Ембі-5" барлық

    объектілерін коммуналдық

    меншікке қабылдау


2.  "Ембі-5" әкімшілік-аумақтық  Ұсыныс       01.10.99 ж.  Облыс әкімі

    мәртебесін айқындау жөнінде

    белгіленген тәртіппен ұсыныс

    дайындау және енгізу


3.  "Ембі-5" әлеуметтік және     Ақпарат       Бүкіл       Облыс әкімі

    тұрғын үй-коммуналдық                      кезеңде

    салалары объектілерінің

    (мектептер, ауруханалар,

    наубайхана, қазандық,

    монша және т.б.) қалыпты

    жұмыс істеуін қамтамасыз ету


4.  "Ембі-5" тұрғындарына қосымша  Бағдарлама  01.11.99 ж.  Облыс әкімі,

    жұмыс орындарын құру мақсатын.                          Шағын бизнесті

    да жаңа өндірістер құру және                           қолдау жөніндегі

    шағын кәсіпкерлікті дамыту                                 агенттік,

    жөнінде бағдарлама жасау және                          Еңбекәлеуметмині

    оның жағдайын қамтамасыз ету


5.  Жаңа жол - Ембі газ құбыры      Ұсыныс      IV тоқсан   Облыс әкімі

    құрылысын салудың мүмкінші.      

    лігін қарау


6.  "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ өтінімі     Ақпарат    01.09.99 ж.  Облыс әкімі,

    бойынша мұнайшылардың вахталық                          "Қазақойл" ҰМК"

    поселкесін орналастыру және                             ЖАҚ (келісім

    өндірістік-техникалық базаны                             бойынша)

    ұйымдастыру мақсатында

    "Ембі-5" объектілерін

    белгіленген тәртіппен беру

    мәселесін шешу


7.  "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-на поли.   Ақпарат     01.09.99 ж.  "Қазақойл" ҰМК"

    гонның қызметтік және өндіріс.                          ЖАҚ (келісім

    тік үй-жайларын қабылдауды ресім.                           бойынша),

    деуге және олардың одан әрі                             Облыс әкімі

    жұмыс істеуін қамтамасыз етуге

    ұсыныс жасау


8.  Облыс әкімі:                   Ақпарат     01.10.99 ж.   Облыс әкімі,

    - Қазақстан Республикасының                              Қазақстан

    Шағын бизнесті қолдау                                   Республикасының

    жөніндегі агенттігімен бірлесіп                          Шағын бизнесті

    олардың базасында жаңа өндіріс.                        қолдау жөніндегі

    терді құру және шағын кәсіп.                             агенттігі

    керлікті дамыту жөніндегі

    бағдарламаны өрістету;

    - Қазақстан Республикасының Ғылым

    және жоғары білім министрлігімен

    бірлесіп жаңа технологияларды

    қолдана отырып өндіріс

    алаңдарын пайдалану мүмкіндіктерін

    зерделеу;

    - "Монтажинжиниринг" АҚ және   

    "Калибр ойл инжиниринг" БК ЖШС

    ұсынысын зерделеу


9.  "Ембі-5" әлеуметтік инфрақұрылы.  Ақпарат   01.09.99 ж.  ЭИСМ, Инвест

    мын дамыту және 1999/2000 жыл.                         АГРК, "Қазақойл"

    дардың жылу маусымы кезеңінде                            ҰМК" ЖАҚ

    жылу мұқтаждары үшін 8 000 тонна                      (келісім бойынша)

    мазут бөлу жөніндегі "Қазақойл"

    ҰМК" ЖАҚ міндеттемелерінің тұр.

    ғысында Әлібекмола және Қожасай

    кен орындары бойынша жер қойнауын

    пайдалануға арналған Келісімшартқа

    толықтырулар енгізу туралы ұсынысын

    қабылдау


10. Белгіленген тәртіппен Әлібекмола   Ақпарат   ІІ тоқсан   ЭИСМ,

    және Қожасай газ және мұнай кен              2000 жыл   "Қазақойл" ҰМК"

    орындарын игеруді қамтамасыз ету                         ЖАҚ (келісім

                                                             бойынша)


11. Бұрынғы полигон аумағы және өтеу.  Ақпарат   01.10.99ж.  Табиғатмині,

    сіз негіздегі аумақтарға іргелес                       "Ақтөбемұнай" АҚ

    аумақтар бойынша геологиялық               

    материалдарды "Қазақойл" ҰМК"

    ЖАҚ-на беруді қамтамасыз ету


12. "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-на бұрынғы     Ақпарат   IV тоқсан   ЭИСМ,

    полигон аумақтары бойынша газ                1999 ж.     Инвестициялар

    және мұнайға геологиялық-барлау                     жөніндегі агенттік,

    жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды                      "Қазақойл" ҰМК"

    ұсыну, геологиялық материалға                            ЖАҚ (келісім

    зерделеу жүргізу және Қазақстан                          бойынша)

    Республикасының Инвестициялар    

    жөніндегі агенттігіне жер қойнауын

    пайдалану бойынша лицензияға

    өтінім тапсыру


13. ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің     Ақпарат   01.10.99 ж.  ІІМ., Қаржы.

    мекемелерін орналастыруды, оның                            мині

    қаржыландырылуын басым тәртіппен

    100 (жүз) миллион теңге көлемінде

    1999 жылдың бюджетінде көзделген

    қаражат есебінен және шегінде

    қамтамасыз ету;

    2000 жылдың бюджетін әзірлегенде

    оны одан әрі қарай қаржыландыруды

    көздеу


14. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын   Ақпарат   01.10.99 ж. АШМ, Жер

    жүргізе отырып бұрынғы полигонның                        ресурстарын

    жер қорына тексеріс жүргізу және                      басқару жөніндегі

    қабылдау                                               комитет, Табиғат

                                                          мині, облыс әкімі


15. Табиғат қорғау және экологиялық    Бағдарлама  01.10.99 ж. Табиғатмині,

    шаралар кешенін қарастыру                                  облыс әкімі


16. Қондырғыларымен және "Луна"         Ұсыныс    01.10.99 ж. Қорғанысмині,

    байланыс торабымен есептеу-өлшеу                           Облыс әкімі

    орталығы секілді әскери мақсаттағы

    объектілерді одан әрі пайдаланудың

    мүмкіндігін айқындау



    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.

    Қасымбеков Б.А.   












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады