Қазақстан Республикасының білім, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарына, сондай-ақ су құрылысына есімдер беру және оларды қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қыркүйек N 1436

      №"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс қазақстан облыстары және Алматы, Астана қалалары әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1-қосымшаға сәйкес білім, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарына,

 

сондай-ақ су құрылысына есімдер берілсін.

     2. 2-қосымшаға сәйкес білім ұйымдары қайта аталсын.

     3. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды қаржыландыру 1999 жылға арналған

бюджетте тиісті мемлекеттік мекемелерге - бағдарламалардың әкімшілеріне

көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп

белгіленсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                          Қазақстан Республикасы

                                               Үкіметінің

                                          1999 жылғы 22 қыркүйектегі

                                              N 1436 қаулысына

                                                1-қосымша


     Атақты тарихи тұлғалардың, белгілі мемлекет және қоғам

    қайраткерлерінің, көрнекті ғалымдардың, халық жазушыларының,

    еңбек сіңірген ұстаздардың есімдері берілген білім, мәдениет

         және денсаулық сақтау ұйымдарының, су құрылысының

                          тізбесі


                    Ақмола облысы бойынша


     Көкшетау аймақтық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне - Қазақстан

Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, профессор Қоңыратбек

Құрманбаевтың есімі;


                    Ақтөбе облысы бойынша


     облыстық әмбебап-ғылыми кітапханаға - белгілі ғалым, академик Сақтаған

Бәйішевтің есімі;


                     Алматы облысы бойынша


     Панфилов ауданындағы Алмалы орта мектебіне - Елтінді батырдың есімі;

     Талдықорған қаласындағы N 24 "Экономика және бизнес"

мектеп-лицейіне - белгілі ғалым, профессор Мұхтар Арынның есімі;


                     Атырау облысы бойынша


     Махамбет ауданындағы Махамбет мектеп-гимназиясына - Қазақстан

Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Дүйсенғали Төленовтің есімі;


                   Қарағанды облысы бойынша


     Қарқаралы ауданы Ақжол ауылдық округіндегі N 12 орта мектепке -

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Әлібек Бүркітбаевтың

есімі;

     Қарақаралы ауданы Мәди ауылдық округіндегі N 36 орта мектепке -

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, белгілі

журналист Қайыркен Сағындықовтың есімі;


                     Қостанай облысы бойынша


     Алтынсарин ауданындағы Щербаков орта мектебіне - халық жазушысы Мәриям

Хакімжанованың есімі;


                Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша


     Кентау қаласындағы N 1 балалар музыка мектебіне - белгілі композитор

Сейдолла Бәйтерековтың есімі;

     Төле би ауданы Ленгір қаласындағы N 3 орта мектепке - белгілі ғалым,

профессор Патшайым Тәжібаеваның есімі;

     Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округіндегі N 48 орта мектепке -

көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі;


               Павлодар облысы бойынша


     "Ертіс-Қарағанды" каналына - көрнекті ғалым, академик Қаныш

Сәтбаевтың есімі;

     Баянауыл ауданындағы Жаңажол орта мектебіне - тарихшы-этнограф Мәшһүр

Жүсіптің есімі;

     Павлодар қаласындағы N 4 орта мектепке - Қазақстан Республикасының

еңбек сіңірген мұғалімі Камал Мақпалеевтің есімі;


                    Шығыс Қазақстан облысы бойынша



 
       Тарбағатай ауданындағы Жаңаауыл орта мектебіне - Қазақстан

 

Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қабден Ақыновтың есімі;


                Алматы қаласы бойынша


     Қазақ Ұлттық техникалық университетіне - көрнекті ғалым, академик

Қаныш Сәтбаевтың есімі;

     Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығына - көрнекті ғалым,

академик Хамза Жұматовтың есімі;

     Орталық концерт залына - Қазақстан Республикасының халық әртісі,

композитор Шәмші Қалдаяқовтың есімі;


                       Астана қаласы бойынша


     қалалық орталық кітапханаға - қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар

Әуезовтың есімі;

     өнер мектебіне - Қазақстан Республикасының халық әртісі, композитор

Шәмші Қалдаяқовтың есімі.


                               Қазақстан Республикасы

                                   Үкіметінің

                               1999 жылғы 22 қыркүйектегі

                                  N 1436 қаулысына

                                     2-қосымша


     Қайта аталуға жататын білім ұйымдарының

                тізбесі


       Батыс Қазақстан облысы бойынша



 
       Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округіндегі Валериан Куйбышев атындағы орталау мектеп - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Хабадаш Нұрымғалиев атындағы орталау мектеп;
      Орда ауданындағы Орда орта мектебі - Жәңгір хан атындағы орта мектеп;
      Орда ауданындағы Фридрих Энгельс атындағы орта мектеп - Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы орта мектеп;
 
              Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
 
      Ордабасы ауданының Шұбар ауылдық округіндегі Владимир Ильич Ленин атындағы орта мектеп - Шұбар орта мектебі;
      Сайрам ауданының Қызылқыстақ ауылдық округіндегі N 26 IV бесжылдық атындағы орта мектеп - Махмұт Қашқари атындағы орта мектеп;
      Сайрам ауданының Манкент ауылдық округіндегі Александр Матросов

 

атындағы орта мектеп - Ыбырайымата атындағы орта мектеп;

     Сарыағаш ауданындағы Ильич атындағы орта мектеп - жазушы-драматург

Асқар Сүлейменов атындағы орта мектеп;

     Төле би ауданының Көксәйек ауылдық округіндегі Георгиев орта мектебі-

Мұхамед Хайдар Дулати атындағы орта мектеп;

     Төле би ауданының Көксәйек ауылдық округіндегі Победа бастауыш мектебі

- Жеңіс бастауыш мектебі;

     Төле би ауданының Қаратөбе ауылдық округіндегі Совет орта мектебі -

Қаратөбе орта мектебі.


             Шығыс Қазақстан облысы бойынша


     "Семей" мемлекеттік университеті - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік

университеті.




    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады