Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 969 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 1500. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.13. N 383 қаулысымен. ~P000383

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 969 P980969_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 313-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметті лицензиялаудың тәртібінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Лицензия түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пунктінің (пункттерінің) орналасқан жері көрсетіле отырып бір данада ресімделеді";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Лицензия беру туралы өтініште өтініш беруші түсті және қара металл

сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пунктінің (пункттерінің) нақты 
орналасқан жерін көрсетуге міндетті.";
     16-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
     "5) Осы Тәртіптің 5-тарауының шарттарына сәйкес келуі тиіс, Лицензияда
көрсетілген, дайындау пункттеріндегі қызметті жүзеге асыру;
     6) жаңа дайындау пункті (пункттері) ашылғанға дейін Лицензиарға заңмен
талап етілетін құжаттарды табыс ету";
     17-тармақтың 2) тармақшасындағы "және жеке" деген сөздер алынып 
тасталсын.
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Қасымбеков Б.А.       
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады