Америка Құрама Штаттарының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арасындағы жәрдем көрсетуді жеңілдету жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты келісімді қолданудың мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 қазан N 1535

      1992 жылғы 20 мамырдағы Америка Құрама Штаттарының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы жәрдем көрсетудi жеңiлдету жөнiндегi ынтымақтастыққа қатысты келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) негiзiнде iске асырылатын "Жаңа Тәуелсiз Мемлекеттер үшiн Жаппай Қырып-жою Қаруларын Таратуды Болдырмау жөнiндегi бастамалар" бағдарламасын (бұдан әрi - NIS-IPP бағдарламасы) одан әрi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Келiсiмнiң 4-бабын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1.
      2.
      ЕСКЕРТУ. 1,2-тармақтар алынып тасталды - Қазақстан Республикасы
               Үкіметінің 2001.05.21. N 668 қаулысымен. P010668_
      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгі белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
      Келiсiмге Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың Келiсiмнiң шеңберiнде алатын кiрiстерiн босату туралы толықтырулар енгiзу туралы ұсыныс;
      толықтыруларды ескере отырып, Келiсiмдi бекiту туралы Заңның

 

жобасын енгiзсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің        

              2001.05.21. N 668 қаулысымен. 


P010668_
 


     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрінің

       міндетін атқарушы



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады