Батыс Қазақстан облысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 қазан N 1536

      Жұмыс берушiлердiң жалақы мен жарналар жөнiндегі берешегiн өтеу мақсатында және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының 13 және 19-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Батыс Қазақстан облысының әкiмiне Қазақстан Республикасының резервiнен жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметшiлерге жалақы мен жұмыс берушiлердiң жарналары бойынша берешектерiн өтеуге 1999 жылдың 1 желтоқсанына дейiн өтеу мерзiмiмен 201 000 000 (екi жүз бiр миллион) теңге сомасында бюджеттік несие бөлсiн.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкiмi бюджеттiк несиенiң мақсатты пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi көрсетiлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және бюджеттік несиенiң уақытында қайтарылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Батыс Қазақстан облысының әкiмi несиелiк келiсiм жасассын. Келiсiмнiң бiр шарты болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң осы қаулының 2-тармағына сәйкес бюджеттiк несиенi қайтармаған немесе толық қайтармаған жағдайда Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң келiсiмiнсiз ақшаны жергiлiктi бюджеттiң кез келген шотынан есептен шығаратындығы көзделсiн.
      5. "Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалды

 

тұрақтандыру жөнiндегi кезек күттірмейтiн шаралар туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 1460 


P991460_
 


қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

     1-тармақтағы "600 000 000 (алты жүз миллион)" деген сөздер

"399 000 000 (үш жүз тоқсан тоғыз миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     міндетін атқарушы



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады