Қазақстан Республикасындағы төлем жасамау дағдарысының проблемаларын шешу жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 3 қараша N 1644. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.23. N 820 қаулысымен. ~P020820

      Төлем жасамау дағдарысының алдын алу және оны шешу, қолма-қол емес және клирингтік есеп айырысулар жүйесін дамыту, кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру процестерін жандандыру, аймақтардың қаржылық, өндірістік-технологиялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Тимей" қаржы-өнеркәсіптік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Клирингтік палатасы Солтүстік Қазақстан облысында жүргізіп отырған қолма-қол емес және клирингтік есеп айырысулар жүйесінің жобасын енгізу жөніндегі тәжірибесі дұрыс деп танылсын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынымы ескеріле отырып, оны Қазақстан Республикасының басқа да аймақтарында қолданған орынды деп саналсын.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңдарда белгіленген тәртіппен Клирингтік палаталарды құру кезінде есеп айырысулардың көрсетілген жүйесін енгізуге жәрдем көрсетсін.
      3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне қолма-қол емес және клирингтік есеп айырысуларды енгізу үшін қажетті деректерді берудің бірыңғай интеграцияланған желілерін құруға жәрдем көрсетсін.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Клирингтік палаталардың автоматтандырылған жүйелерін дамытудың бағдарламалық өнімдерін әзірлеу жөніндегі жобаны халықаралық қаржы институттары мен шет елдердің техникалық және қаржылық көмектерін бағыттау кезінде басымдықтардың қатарына енгізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен аймақтық Клирингтік палаталармен облыс ішіндегі банкаралық есеп айырысуларға қызмет көрсетуге шарт жасассын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Мамандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады