Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жақсарту жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 4 қараша N 1654

      Нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ олардың жекелеген нормаларын реттеу мен жүйелеу және қабылданған заң актілерін іске асыруға бағытталған үкіметтік және ведомстволық актілерді уақытылы әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдары (келісім бойынша):
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің жаңа шешімдерін қабылдау, қолданылып жүргендерін жаңалау және ескіргендерін тоқтату жөніндегі ұсыныстарды пысықтауды олардың міндеті ретінде айқындап, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мәселесі жөніндегі жұмыс топтарын құрсын;
      2) 30 күннің ішінде нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;
      ескірген актілерді тоқтату және қолданылып жүргендерін жаңалау жөніндегі тиісті нормативтік құқықтық актілердің келісілген жобаларымен бірге ұсыныс;
      қабылдауы заң актілерінен туындайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің тізбесі ұсынылатын жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге тексеру жүргізсін;
      3) шығарылатын актілердің қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігіне қатаң бақылау орнатсын, жаңа актілердің бұрын қабылданғандармен сәйкес болуын қамтамасыз етсін, оларға заңдардан туындайтын өзгерістерді уақытылы енгізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі алынған ақпаратқа талдау жасасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобаларын енгізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен баста күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Икебаева А.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады