Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 маусымдағы N 569 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 қараша N 1750. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 18, 197-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-тармақтағы Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссияның құрамы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы - Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
      Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары
      Бахмутова Елена Леонидовна - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің директоры
      Нұрпейісов Қайрат Айтмұхамбетұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс вице-министрі 
      Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі
      Константинов Анатолий Васильевич - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
      Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика министрі
      Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
      Сейітқұл Қайырбек Сейітқұлұлы - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша) 
      Тілеубердин Алтай Абылайұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы 
      Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі. 
      Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі"; 
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектерді өтеудің тәртібі туралы ережеде: 
      кіріспе алып тасталсын; 
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Осы Ереже: 
      республикалық бюджеттен қаржыландырылып келген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 15 мамырдағы N 217 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 28 мамырда 517 нөмірмен тіркелген Жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есептілік көлемі мен нысандары туралы нұсқаулықпен айқындалған тәртіпте есеп тапсырған және/немесе мемлекеттік мекемелер немесе қазыналық кәсіпорындар болып қайта құрылған бұрынғы бюджеттік ұйымдардың тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілердің алдындағы; 
      таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілердің алдындағы;
      несиелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың жалақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге пайдаланылған және жергілікті өкілді органдар бекіткен екінші деңгейдегі банктердің алдындағы кредиторлық берешектерін өтеудің тәртібін реттейді. 
      2. Өтеу тек 1-тармақта көрсетілген ұйымдарда 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша пайда болған, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындалған тәртіппен олар тапсырған есептілікте көрсетілген кредиторлық берешек бойынша жүргізіледі. 
      Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың кредиторлық берешегі тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілер мен екінші деңгейдегі банктердің негізгі борышты, өсімақыны, және айыппұлдарды қоса есептегенде, есеп айырысу жүргізген сәтте қалыптасқан республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешектері (бұдан әрі - республикалық бюджетке төленетін кредиторлық берешек) есебінен өтеледі, бірақ 1999 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген сомалардың шегінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жинақталған осындай берешектің сомасынан аспауы тиіс."; 
      5-тармақтың 2) тармақшасындағы үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Комиссияның мәжілісі, егер оған Комиссияның жалпы құрамынан көпшілігі қатысса, өткізілуі мүмкін. Мәжіліске қатысушы Комиссия мүшелерінің кемінде жеті дауысы "иә" болған жағдайда Комиссияның шешімі қабылданады.".
      3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады