Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Иран Ислам Республикасына 1999 жылғы 5-6 қазандағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 желтоқсан N 1954

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Иран Ислам Республикасына 1999 жылғы 5-6 қазандағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және Қазақстан-Иран ынтымақтастығын одан әрі дамытуды және кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Иран Ислам Республикасына 1999 жылғы 5-6 қазандағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, басқа да

 

мемлекеттік органдары (келісім бойынша) және мүдделі ұйымдар Іс-шаралар

жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнінде нақты шаралар

қабылдасын.

     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Іс-шаралар

жоспарының орындалу барысы туралы кем дегенде жарты жылда бір рет

Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етіп тұрсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                   1999 жылғы 22 желтоқсандағы

                                   N 1954 қаулысымен бекітілген


     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Иран Ислам

      Республикасына 1999 жылғы 5-6 қазандағы ресми сапары барысында

        қол жеткізілген Уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі

                      іс-шаралар жоспары

________________________________________________________________________

Р/с!           Іс-шара                !  Орындалу !     Орындалуына

                                           мерзімі       жауаптылар   

________________________________________________________________________

  1                 2                        3                4

________________________________________________________________________

1. Мынадай құжаттардың жобаларын қол

қоюға әзірлеу:

Қазақстан Республикасының Көлік және   2000 жылдың   Көлік және коммуни.

коммуникациялар министрлігі мен Иран    30 қаңтары   кациялар министрлігі

Ислам Республикасының Пошта, телеграф

және телефон министрлігі арасындағы

Қазақстан мен Иран арасында халықаралық

телефон трафигі үшін өзара есеп айыры.

сулардың есептік ставкалары мөлшерін

төмендетуге қатысты өзара түсіністік

туралы меморандум

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам   2000 жылдың   Ұлттық қауіпсіздік

Республикасы арасындағы қауіпсіздік     28 ақпаны     комитеті (келісім

жөніндегі өзара түсіністік туралы меморан.            бойынша), Сыртқы

дум                                                   істер министрлігі

________________________________________________________________________ 

2. Мынадай құжаттардың күшіне енуі         

үшін мемлекетішілік рәсімдерді орындау:

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен   2000 жылдың  Энергетика, индустрия

Иран Ислам Республикасының Үкіметі      І тоқсаны    және сауда министр.

арасындағы ұзақ мерзімді сауда-эконо.                лігі, Экономика

микалық ынтымақтастық туралы келісім                 министрлігі

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам     -//-       Әділет министрлігі

Республикасы арасындағы азаматтық және       

қылмыстық істер жөніндегі құқықтық

көмек және құқықтық қатынастар туралы

келісім

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен     -//-       Ішкі істер министр.

Иран Ислам Республикасының Үкіметі                   лігі

арасындағы ұйымдасқан қылмысқа және          

терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтас.

тық туралы келісім

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен     -//-       Ішкі істер

Иран Ислам Республикасының Үкіметі                   министрлігі

арасындағы есірткі құралдарының,

психотроптық заттардың және прекурсор.

лардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі

ынтымақтастық туралы өзара түсіністік

меморандумы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен     -//-       Мәдениет, ақпарат

Иран Ислам Республикасының Үкіметі                   және қоғамдық келісім

арасындағы мәдениет, ғылым және білім                министрлігі,

саласындағы алмасу бағдарламалары                    Ғылым және білім

                                                      министрлігі

_________________________________________________________________________

3. Сауда-экономикалық, ғылыми-техника.  2000 жылдың  Көлік және коммуни.

лық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі І тоқсаны    кациялар министрлігі

Қазақстан-Иран үкіметаралық                          (шақыру), Сыртқы

комиссиясының 5-ші мәжілісі барысында                істер министрлігі,

қол жеткізілген уағдаластықтарды орын.               Экономика министр.

дау жөнінде толық көлемде шаралар қа.                лігі, Энергетика,

былдау және оның нәтижелері туралы                   индустрия және сауда

Қазақстан Республикасының Үкіметіне                  министрлігі, Ауыл

хабарлап отыру                                       шаруашылығы министр.

                                                      лігі, Табиғи ресурс.

                                                      тарды және қоршаған

                                                      ортаны қорғау       

                                                      министрлігі,

                                                      Қаржы министрлігі,

                                                      Мемлекеттік кіріс

                                                      министрлігі,        

                                                      Мәдениет, ақпарат   

                                                      және қоғамдық келісім

                                                      министрлігі, Ғылым

                                                      және білім министр.

                                                      лігі, "Қазақойл" ҰМК,

                                                      "ҚазТрансОйл" ҰМТК, 

                                                      Сауда-өнеркәсіп пала.

                                                      тасы (келісім       

                                                      бойынша)

_________________________________________________________________________

4. Қазақстан Республикасы мен Иран    2000 жылдың   Энергетика, индустрия

Ислам Республикасы арасындағы         І тоқсаны     және сауда министр.

2000 жылға арналған сауда-экономика.                лігі, Сыртқы істер

лық ынтымақтастық бағдарламасын                     министрлігі, Экономика

(бұдан әрі  Бағдарлама) және Бағ.                   министрлігі

дарламаны жүзеге асыру жөніндегі       

Іс-шаралар жоспарын ирандық тараппен

келісу

5. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық  2000 жылдың  Энергетика, индустрия

Иран аумағы арқылы мұнай құбырын         ІІ тоқсаны  және сауда министр.

төсеудің техникалық-экономикалық                     лігі, Көлік және   

негіздемесін қарау жөніндегі                         коммуникациялар

Қазақстан-Иран-Түркмен жұмыс тобының                 министрлігі,

шеңберінде сарапшылардың Тегеран                     Экономика министр.

қаласындағы кездесуіне қатысу;                       лігі, Сыртқы істер

Тегеран қаласындағы 1999 жылғы                       министрлігі,        

5-6 қазандағы келіссөздерде                          "Қазақойл" ҰМК,

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам                "ҚазТрансОйл" ҰМТК

Республикасы арасындағы "Қазақойл" ҰМК

ұсыныстары тұрғысында шикі мұнайды

алмасу жөніндегі SWАР-келісім-шартын

қайта жаңғыртудың мүмкіндігін пысықтау

_________________________________________________________________________

6. Экспорттық-импорттық операцияларды

одан әрі дамыту:

"Азық-түлік корпорациясы" ЖАҚ          2000 жылдың  Энергетика, индустрия

(Қазақстан) және "GTC" (Иран)          ІІ тоқсаны   және сауда министр.

(астық сатып алу жөніндегі мемлекет.                лігі(шақыру), Көлік

тік компания) арасындағы коммерциялық               және коммуникациялар

келіссөздерді жалғастыру;                           министрлігі, Сыртқы

  "Испат-Кармет" ААҚ және Иранның                    істер министрлігі,

тиісті компаниясы арасындағы металл                 Қазақстан Республика.

өнімдерінің жеткізілімі туралы ұзақ                 сының Табиғи монопо.

мерзімді келісімшартты жасасуға                     лияларды реттеу, бәсе.

жәрдемдесу                                          келестікті қорғау және

                                                     шағын бизнесті қолдау

                                                     жөніндегі агенттігі

_________________________________________________________________________

7. Көлік саласындағы ынтымақтастық:   2000 жылдың   Көлік және коммуника.

Сауда-экономикалық, ғылыми-техника.   І тоқсаны     циялар министрлігі,

лық және мәдени ынтымақтастық жөнін.                Энергетика, индустрия

дегі Қазақстан-Иран үкіметаралық                    және сауда           

комиссиясының 5-ші мәжілісінің                      министрлігі, Экономика

Хаттамасына сәйкес тарифтік кеңістікті              министрлігі, Сыртқы

қалыптастыру жөніндегі бірлескен                    істер министрлігі

жұмыс тобын құру және оның алғашқы

мәжілісін өткізу;

Транзиттік тарифтерді азайту мақ.     

сатында Қазақстанның, Иранның,

Өзбекстанның және Түркменстанның

теміржол әкімшіліктері басшыларының

кездесуін Ашғабат қаласында өткізу

_________________________________________________________________________

8. Қазақстан Республикасының Иран     2000 жылдың  Ұлттық Банк (келісім

Ислам Республикасының "Экспортты      І тоқсаны     бойынша) 

дамыту банкі" өкілдігінің ашылуына

байланысты мәселелерді пысықтауды

аяқтау    

_________________________________________________________________________

9. Иранда Қазақстан тауарларының   2000 жылдың   Сауда-өнеркәсіп пала.

және Қазақстанда Иран тауарларының  ІІ тоқсаны   тасы (келісім бойынша),

көрмелерін өткізу                                "Атакент" АҚ (келісім

                                                  бойынша), мүдделі

                                                  министрліктер мен

                                                  ведомстволар

_________________________________________________________________________

10. Астана қаласындағы тұрғын үй   2000 жылдың   Қазақстан Республикасының

кешенінің, қонақүйлердің және       ІІ тоқсаны   Инвестициялар жөніндегі

әлеуметтік-тұрмыстық объектілер.                 агенттігі, Астана

дің құрылысын салуға қатысуы                     қаласының әкімі, мүдделі

үшін ирандық құрылыс компаниялары.               министрліктер мен

ның инвестицияларын тарту                        ведомстволар

мәселесін пысықтау

_________________________________________________________________________




      Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Қасымбеков Б.А.      





























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады