"Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 желтоқсан N 1992

      "Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамындағы қалыптасқан ауыр қаржы-экономикалық жағдайға байланысты және оның маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамының банкроттығын жүргізсін.
      2. "Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамының конкурстық массасын сатудың:
      1) "Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамының мүліктік кешенін бірыңғай лотпен сатуды;
      2) конкурстық массаның бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарынан төмен емес старттық бағасын;
      3) өндірістің технологиялық циклының үздіксіздігін қамтамасыз етуді;
      4) конкурстық басқарушыға өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында шарттар жасасу құқығын беруді көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
      3. Конкурстық массаны сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгіленсін:
      1) сатып алушының электр қуатын өндіру, беру және тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті лицензиясы болуы тиіс;
      2) сатып алушы "Ресей ЕЭС" Ресей энергетика және электрлендіру акционерлік қоғамының электр энергиясын оның желілері арқылы Ресей Федерациясының аумағы бойынша тасымалдауға келісімін ұсынуы тиіс;
      3) сатып алушы өзіне "Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамының

 

еңбекақы берешектерін өтеу жөнінде міндеттеме қабылдайды.

     4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады