Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 332 Жарлығын іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 2000 жылғы 2 наурыз N 33-ө

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 10 ақпандағы N 332 U000332_ Жарлығын іске асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2000 жылдың 6 наурызына дейін мерзімде заңдарға сәйкес:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық қатынастардың екіжақты және көпжақты форматтарында визалық режимді реттеу жөніндегі тиісті шешімнің жобасын;
      2) терроризмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылу және аталған салада оң тәжірибесі бар елдермен терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, тәжірибе алмасу және мамандарды даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасу мәселелері жөнінде ұсыныс енгізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі және Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктері 2000 жылдың 6 наурызына дейін мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне туристік және өзге де көші-қон ағындарын мемлекеттік реттеу және бақылау жөніндегі шаралардың жүйесі туралы ұсыныс енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда, Қорғаныс, Ішкі істер және Мемлекеттік кіріс министрліктері қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және әскери техниканың сақталуын, пайдаланылуын және олардың әкеліну-әкетілуін бақылауды күшейту жөнінде қажетті шаралар қабылдасын және 2000 жылдың 6 наурызына Үкіметке қабылданған шаралар туралы хабарласын.
      4. Орталық атқарушы органдар, облыстар мен Астана және Алматы

 

қалаларының әкімдері тиісінше Жарлықтың 2-6, 9, 10-тармақтарында көзделген

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын уақытылы орындау

жөнінде шаралар қабылдасын.

     5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.


     Премьер-Министр




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады