Волейболдан ерлер командалары арасындағы Әлем чемпионатының біліктілік турнирін өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 2 мамыр N 31-ө

      1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасы волейбол федерациясының және Халықаралық волейбол федерациясының 2001 жылғы 1-6 тамызда Алматы қаласында Волейболдан ерлер командалары арасындағы Әлем чемпионатының біліктілік турнирін (бұдан әрі - біліктілік турнирі) өткізу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қоса беріліп отырған біліктілік турнирін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі, Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасы волейбол федерациясының келісімі бойынша біліктілік турнирін Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында өткізсін.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі біліктілік турниріне қатысушылардың келу және кету құжаттарын ресімдеуге жәрдем көрсетсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі біліктілік турниріне қатысушылар тұратын және жарыстар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

 

министрлігі біліктілік турниріне дайындық пен оның өткізілу барысын

бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін.

     7. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

біліктілік турниріне қатысушыларды көлік қызметімен қамтамасыз етуге

жәрдем көрсетсін.


     Премьер-Министр


                                      Қазақстан Республикасы

                                        Премьер-Министрінің

                                      2001 жылғы 2 мамырдағы

                                           N 31-ө өкімімен

                                                бекітілген


       Волейболдан ерлер командалары арасындағы Әлем

    чемпионатының біліктілік турнирін дайындау мен өткізу

              жөніндегі ұйымдастыру комитетінің

                           құрамы


     Тұрлыханов         - Қазақстан Республикасы Туризм және

     Дәулет Болатұлы      спорт жөніндегі агенттігінің төрағасы,

                          төраға


     Әбіқаев            - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер

     Нұртай Әбіқайұлы     министрінің бірінші орынбасары -

                          Волейбол федерациясының президенті,

                          орынбасар


     Храпунов           - Алматы қаласының әкімі,

     Виктор Вячеславович  орынбасар


             ұйымдастыру комитетінің мүшелері:


     Биманбетов         - Қазақстан Республикасының Туризм

     Бақытбек Тәжібайұлы  және спорт жөніндегі агенттігі

                          төрағасының бірінші орынбасары


     Кенжеболатов       - Қазақстан Республикасының Туризм

     Асқар Бостанұлы      және спорт жөніндегі агенттігі спорт

                          басқармасының бастығы


     Нәлібаев           - Қазақстан Республикасының Көлік және

     Әбдіхалық Зәкірұлы   коммуникациялар вице-министрі


     Отто               - Қазақстан Республикасының Ішкі істер

     Иван Иванович        вице-министрі


     Рябченко           - Қазақстан Республикасының Мәдениет,

     Олег Григорьевич     ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.  





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады