Химия пәнінен оқушылардың ХХХVI Халықаралық Менделеев олимпиадасын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2002 жылғы 30 сәуір N 35-ө

      1. 2002 жылғы 2-10 мамырда Алматы қаласында химия пәнінен оқушылардың ХХХVI Халықаралық Менделеев олимпиадасын (бұдан әрі - Менделеев олимпиадасы) өткізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы қабылдансын.
      2. Қоса беріліп отырған Менделеев олимпиадасын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Алматы қаласының әкімімен бірлесіп Менделеев олимпиадасын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Менделеев олимпиадасын дайындауға және өткізуге байланысты іс-шараларды қаржыландыру осы іс-шараларды орындауға жауапты тиісті мемлекеттік органдар-республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен әрі шегінде жүзеге асырылады.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Менделеев олимпиадасына қатысушылардың келу және кету құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетсін.
      6. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті сақтауды, Менделеев олимпиадасына қатысушылардың қауіпсіздігін олар тұратын және олимпиада өтетін орындарда қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті Менделеев олимпиадасын өткізуге арналған жабдықтар мен

әдебиеттерді кедендік ресімдеуді заңнамада белгіленген тәртіппен

қамтамасыз етсін.

     8. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

министрлігі Менделеев олимпиадасының дайындығы мен өтуі барысының

бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануын қамтамасыз етсін.


     Премьер-Министр


                                                Қазақстан Республикасы

                                                Премьер-Министрінің

                                                2002 жылғы 30 сәуірдегі

                                                N 35-ө өкімімен

                                                бекітілген


          Химия пәнінен оқушылардың ХХХVI Халықаралық Менделеев

         олимпиадасын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру

                        комитетінің құрамы


     Беркімбаева                  - Қазақстан Республикасының

     Шәмша Көпбайқызы               Білім және ғылым министрі,

                                    төраға


     Храпунов                     - Алматы қаласының әкімі,

     Виктор Вячеславович            төрағаның орынбасары


                Ұйымдастыру комитетінің мүшелері


     Кәкімжанов                   - Қазақстан Республикасының

     Зейнолла Халидоллаұлы          Мемлекеттік кіріс министрі


     Келімбетов                   - Қазақстан Республикасының

     Қайрат Нематұлы                Қаржы бірінші вице-министрі


     Құл-Мұхаммед                 - Қазақстан Республикасының

     Мұхтар Абрарұлы                Мәдениет, ақпарат және

                                    қоғамдық келісім министрі


     Шнейдмюллер                  - Қазақстан Республикасының

     Владимир Викторович            Көлік және коммуникациялар

                                    бірінші вице-министрі


     Сүлейменов                   - Қазақстан Республикасының

     Қайырбек Шошанұлы              Ішкі істер министрі


     Жексенбаева                  - "Дарын" республикалық

     Үміт Бақытжанқызы              ғылыми-практикалық

                                    орталығының директоры


     Қожамқұлов                   - Әл-Фараби атындағы Қазақ

     Төлеген Әбдісағиұлы            ұлттық университетінің

                                    ректоры




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады