"Қазақмыс" корпорациясы" ашық акционерлік қоғамының кенішіндегі төтенше оқиғаның себептерін тексеру жөнінде комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2002 жылғы 2 мамыр N 37-ө

      1. "Қазақмыс" корпорациясы" ашық акционерлік қоғамының Солтүстік

 

Жезқазған кенішінде 2002 жылғы 1 мамырда болған төтенше оқиғаның

себептерін тексеру мақсатында мынадай құрамда комиссия құрылсын:

Бижанов                    - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

Нұрахмет Құсайынұлы          жөніндегі агенттігінің бірінші          

                             орынбасары, комиссияның жетекшісі


Тоғайбаев                  - Қарағанды облысы әкімінің бірінші       

Ислам Уахитұлы               орынбасары, жетекшінің орынбасары


Асатов                     - Қазақстан Республикасы Экономика және   

Болатай Кәрімұлы             сауда министрлігінің Құрылыс істері     

                             жөніндегі комитеті төрағасының          

                             орынбасары, жетекшінің орынбасары


                      Комиссия мүшелері:


Нефедов                    - Қазақстан Республикасының Энергетика    

Петр Петрович                және минералдық ресурстар вице-министрі


Юн                         - "Қазақмыс" корпорациясы" ашық           

Александр Борисович          акционерлік қоғамы бас басқарушысының

                             бірінші орынбасары


Сағын                      - Қазақстан Республикасының Денсаулық     

Халел Әлжанұлы               сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу      

                             жұмысы департаментінің директоры


Оспанов                    - Қазақстан Республикасы Ішкі істер       

Ерлан Темешұлы               министрлігінің Тергеу департаменті      

                             басқарма бастығының орынбасары


Бисақаев                   - Қазақстан Республикасы Еңбек және       

Серік Ғұмарұлы               халықты әлеуметтік қорғау               

                             министрлігінің Еңбек және жұмыспен      

                             қамту департаменті директорының         

                             орынбасары.


     2. Комиссия осы оқиғаның себептері мен жағдайларын жан-жақты

тексеруді қамтамасыз етсін, келтірілген зиянның көлемін белгілесін және

зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте

көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.

     Жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы баяндасын.


     Премьер-Министр

Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады