2002 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдер демалысын, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2002 жылғы 7 мамыр N 42-ө

      2002 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдер демалысын, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, олардың шығармашылық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының, қылмыс жасауының және қадағалаусыз қалуының алдын алу мақсатында:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
      1) балалармен мәдени іс-шараларды өткізуге жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмек тарту есебінен 2002 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдер демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын және өткізсін;
      2) 2002 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдер демалысын, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссияларды құрсын;
      3) барлық лагерьлер мен демалыс аймақтарының есебін жүргізсін, лагерьлерді заңнамаға сәйкес лицензиялауды қамтамасыз етсін және бос және иесіз лагерьлердің болуына жол бермей, оларды толық пайдалануға шаралар қабылдасын;
      4) облыстардың, қалалардың және аудандардың ерекшеліктерін, экономикалық жағдайларын, ата-аналар мен балалардың ұйымдасқан демалысқа сұраныстарын ескере отырып, 2002 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдер демалысы, оларды сауықтыру және жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлесін және бекітсін;
      5) бірінші кезекті тәртіппен жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылар, көп балалы, толық емес отбасылар балаларының, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалардың, мүгедек балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
      6) балалар мен жасөспірімдер күндіз болатын сауықтыру лагерьлерінің желісін дамытуға жәрдемдесін;
      7) жалпы білім беретін мектептер, мектептен тыс ұйымдар жанындағы лагерьлерді, еңбек пен демалыс лагерьлерін және мектеп орманшылығын ұйымдастырсын;
      8) еңбек заңнамасына сәйкес каникул кезеңінде жасөспірімдерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, олар үшін жеңіл еңбек бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      9) жазғы каникул кезеңінде барлық мектептен тыс ұйымдарда үйірмелер жұмысын қамтамасыз етсін;
      10) балалардың өмірі мен денсаулығын, олардың судағы қауіпсіздігін, сондай-ақ балалар сауықтыру ұйымдарында өртке қарсы қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
      1) мәдениет ұйымдарының жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдер демалысын, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды өткізуге қатысуын қамтамасыз етсін;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспірімдер жазғы демалысына, оларды сауықтыруға және жұмыспен қамтуға дайындық пен оларды өткізу барысын жарияласын.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
      1) балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және балалар сауықтыру ұйымдарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
      2) жазғы каникул кезеңінде жолдар мен көшелерде балалардың жарақат алуын төмендететін алдын алу шараларын қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:
      1) жазғы сауықтыру ұйымдарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін тексеруді ұйымдастырсын, олар орналасқан жерлерде санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылықты қадағалаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етсін;
      2) балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсетілуді, оларды тамақтандыру мен сауықтырудың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі:
      1) спорт ұйымдарының жазғы кезеңде балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуге қатысуын қамтамасыз етсін;
      2) балалар мен жасөспірімдер үшін спорттық-бұқаралық, сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі

 

оқушылардың жазғы каникулы басталғанға дейін балалар демалысын, оларды

сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру орындарының өртке қарсы

жай-күйін тексеруді жүргізсін, олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге

бағытталған іс-шаралар әзірлесін.

     7. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім

және ғылым министрлігіне жүктелсін.


     Премьер-Министр



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады