Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның қазiргi Төрағасы, Португалия Республикасының Сыртқы істер министрi Антонью Мартинш да Круштың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі. 2002 жылғы 29 қазан N 167-ө

      Қазақстан Республикасы мен Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегі ұйым (бұдан әрi - ЕҚЫҰ) арасындағы ынтымақтастықты нығайту және 2002 жылғы 29-30 қазандағы Астана қаласында Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның қазiргi Төрағасы, Португалия Республикасының Сыртқы iстер министрi Антонью Мартинш да Круштың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      2002 жылғы 29-30 қазан кезеңiнде Астана қаласында Еуропадағы
қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегі ұйымның қазiргi Төрағасы,
Португалия Республикасының Сыртқы iстер министрi Антонью Мартинш да
Круштың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар)
дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын
қамтамасыз етсiн;
      2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдік шығындар"
бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен ресми сапарды өткiзу
шығыстарын қаржыландыруды жүзеге асырсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы қызмет көрсету (келiсiм бойынша) қосымшаға сәйкес ЕҚЫҰ делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша) ЕҚЫҰ ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындардағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, ЕҚЫҰ қазiргi Төрағасының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайында қонуы мен ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет
көрсетудi, оның тұрағын және жанар май құйылуын қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келiсiм министрлiгі бұқаралық ақпарат құралдарында сапардың жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
      6. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң    
2002 жылғы 29 қазандағы 
N 167 өкiмiне қосымша  

ЕҚЫҰ-ның ресми делегациясы мүшелерiн орналастыру,
тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi
протоколдық-ұйымдастыру іс-шаралары

      1. Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiнде ЕҚЫҰ ресми делегациясының мүшелерiн (1+5) және бiрге жүретiн адамдарды орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. "Окан-Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiнде Қазақстан
Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн дайындау (бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы рұқсаттар, кюверткалар).
      4. ЕҚЫҰ делегациясы үшiн белгіленген тәртiппен кәдесыйлар мен
сыйлықтар сатып алу.
      5. Астана қаласының әуежайында ЕҚЫҰ ресми делегациясын күтiп алу мен шығарып салу рәсiмдерiн техникалық безендiру (VIP-залы, жалаулар, шай үстелi).
      6. ЕҚЫҰ-ның қазiргі Төрағасы - Португалия Республикасының Сыртқы iстер министрiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында күтiп алуды ұйымдастыру.
      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында баспасөз конференциясын ұйымдастыру.
      8. ЕҚЫҰ-ның қазiргi Төрағасы - Португалия Республикасының Сыртқы iстер министрiнiң Қазақстан Республикасы Парламентiнiң басшылығымен (Парламент ғимараты) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiмен (ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң ғимараты) кездесуiн ұйымдастыру.
      9. ЕҚЫҰ-ның қазiргi Төрағасы - Португалия Республикасының Сыртқы iстер министрінің құрметiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi атынан ресми қонақасы ұйымдастыру.
      10. ЕҚЫҰ ресми делегациясының мүшелерi мен бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады