Триатлоннан Азия Кубогының кезеңiн өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 6 шілдедегі N 196-ө өкімі

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң және Азия триатлон конфедерациясының 2004 жылғы 9-12 шiлдеде Ақмола облысының Бурабай кентiнде триатлоннан Азия Кубогының (бұдан әрi - Азия Кубогы) кезеңiн өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қоса берiлiп отырған Азия Кубогына дайындық пен оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi мен Ақмола облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Триатлон федерациясымен келiсiм бойынша Азия Кубогына дайындық пен оны Ақмола облысының Бурабай кентiнде өткiзудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi қоғамдық тәртiптiң сақталуын, қатысушылар мен ресми адамдар тұратын және жарыстар өтетiн жерлерде олардың қауiпсiздiгiн, Азия Кубогына қатысушы шетелдiк азаматтардың Бурабай кентi мен Щучье қаласының қонақ үйлерiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi Азия Кубогына дайындық пен оның өту барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етудi қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi берген тiзiм бойынша Азия Кубогына қатысушылар мен ресми адамдардың келу және кету құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азия Кубогына қатысушыларды олардың болатын жерлерiнде көлiк қызметiмен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсiн.

      8. Азия Кубогына дайындық және оны өткiзу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте осы iс-шаралардың орындалуына жауапты тиiстi мемлекеттiк мекемелерге - бағдарламалардың әкімшілеріне көзделетiн қаражат шегiнде жүзеге асырылсын.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2004 жылғы 6 шілдедегі 
N 196 өкімімен     
бекiтiлген       

Триатлоннан Азия Кубогының кезеңiне дайындық пен оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы

Тұрлыханов               - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Дәулет Болатұлы            жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы, төраға

Есенбаев                 - Ақмола облысының әкiмi, төрағаның
Мәжит Төлеубекұлы          орынбасары

Кулагин                  - Қостанай облысының әкiмi, Қазақстан
Сергей Витальевич          Республикасы Триатлон федерациясының
                           құрметтi президентi

Әкiмов                   - Ақмола облысы Щучье қаласының әкiмi
Рашит Қайыржанұлы

Мурзин                   - Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары,
Айдар Хамзаұлы             Қазақстан Республикасы Триатлон
                           федерациясының президентi

Ақанов                   - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Айқан Ақанұлы              сақтау бiрiншi вице-министрi

Зверьков                 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Вадим Павлович             министрiнiң орынбасары

Қошанов                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Ерлан Жақанұлы             коммуникациялар вице-министрі

Отто                     - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Иван Иванович              бірінші вице-министрі

Рябченко                 - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Олег Григорьевич           бiрiншi вице-министрi

Ахметов                  - Ақмола облысы Туризм және спорт
Қанат Ахметұлы             басқармасының бастығы

Төкеев                   - Қазақстан Республикасының Туризм және
Серiк Адамұлы              спорт жөнiндегi агенттігi ұлттық штаттық
                           командалар және спорттық резервi
                           дирекциясының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады