Ұлттық және әлемдiк ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарына сараптама жүргiзудiң шығындар нормативін айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 233-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277  Жарлығымен бекiтілген 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде шығарылатын ұлттық және әлемдiк ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарына сараптама жүргiзу шығындарының нормативiн анықтау мақсатында:

      1. Мыналар:
      1) 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шығарылатын ұлттық және әлемдiк ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарының бiр авторлық парағына сараптама жүргiзуге уақыт нормативi 8 сағат көлемiнде белгiленедi;
      2) сағат бойынша ақы төлеу ставкасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген базалық лауазымдық жалақыға және сағат бойынша еңбекақы төлеудiң 0,09 коэффициентiне негiзделе отырып;
      3) сарапшы-мамандарға еңбекақысын төлеу басылымның бiр томының сараптамасы аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi осы өкiмнен туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады