Латвия Республикасының Президентi Вайра Вике-Фрейбергидiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 5 қазандағы N 297-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2004 жылғы 7-9 қазанда Астана мен Алматы қалаларында Латвия Республикасының Президентi Вайра Вике-Фрейбергидiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Латвия Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктiк қызмет көрсету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды және Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының iскер топтары өкiлдерiнiң қатысуымен Астана қаласында бизнес-форумды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Латвия Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздігін, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп, Латвия Республикасының Президентi Вайра Вике-Фрейбергидiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана мен Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi:
      Латвия Республикасының делегациясын баратын жерлерде күтiп алу және шығарып салу, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын;
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгімен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары өкiлдерiнiң, кәсiпкерлерiнiң қатысуымен бизнес-форумды ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында Латвия Республикасының Президентi Вайра Вике-Фрейбергидi күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгіне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2004 жылғы 5 қазандағы 
N 297 өкiмiне    
қосымша       

Латвия Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. 1+11 форматы бойынша Латвия Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Латвия Республикасының ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Латвия Республикасының ресми делегациясын Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың атынан Латвия Республикасының Президентi Вайра Вике-Фрейбергидiң құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Астана қаласында Қазақстан Республикасының және Латвия Республикасының iскер топтары өкiлдерiнiң қатысуымен бизнес-форум өткiзуге қажеттi залды, слайд-проекторды, компьютердi, iлеспе аудармаға арналған жабдықтарды, микрофондарды, құлақшаларды жалға алуға ақы төлеу және кеңсе заттары мен минералдық су сатып алу.
      8. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады