Таиланд Корольдігінiң Сыртқы iстер министрi Суракиарт Сатиратайдың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 311-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдiгi арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2004 жылғы 20-22 қазанда Алматы және Астана қалаларында Таиланд Корольдігінiң Сыртқы iстер министрi Суракиарт Сатиратайдың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      2004 жылғы 20-22 қазанда Алматы және Астана қалаларында Таиланд Корольдігінiң Сыртқы iстер министрi Суракиарт Сатиратайдың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
      сапарды өткiзуге, оның iшiнде Таиланд Корольдiгiнiң ресми делегациясы мүшелерiнiң Алматы және Астана қалаларында қонақ үйде тұруына 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 902888 (тоғыз жүз екi мың сегiз жүз сексен сегiз) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Таиланд Корольдігінiң ресми делегациясы мүшелерiнiң Алматы және Астана қалаларының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздігін, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуiн, Таиланд Корольдігі Сыртқы iстер министрiнiң сұхбатын және баспасөз конференциясын ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.

      4. Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi Таиланд Корольдiгiнiң ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу жөнiндегі ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, Алматы және Астана қалаларының әуежайларын, көшелерін безендіру, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
2004 жылғы 21 қазандағы 
N 311 өкіміне қосымша 

Таиланд Корольдігінiң ресми делегациясы мүшелерiне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Таиланд Корольдiгiнiң ресми делегациясы мүшелерiн (1+3) Алматы қаласындағы "Риджент Анкара" қонақ үйiне және Астана қаласындағы "Окан Интерконтиненталь" қонақ үйіне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнің қызметкерлерiн Алматы қаласындағы "Риджент Анкара" қонақ үйiне және Астана қаласындағы "Окан Интерконтиненталь" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн дайындау (бейдждер, көлiкке арналған арнайы рұқсатнамалар, куверткалар).
      4. Таиланд Корольдiгiнiң ресми делегациясына Алматы және Астана қалаларының әуежайларында VIP-зал арқылы қызмет көрсетудi (шай дастарханын) ұйымдастыру.
      5. Таиланд Корольдiгi ресми делегациясының мүшелерiне медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады