Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 344-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005.01.11. N 3 өкімімен. 

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 165-ө  өкімінің күші жойылды деп танылсын.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің    
2004 жылғы 24 қарашадағы  
N 344-ө өкімімен     
бекітілген        

  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Премьер-Министрінің орынбасарлары және
Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында
МІНДЕТТЕРДІ БӨЛУ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Д.К.Ахметов

      Үкіметтің қызметіне басшылық жасау.
      Қазақстан Республикасының Президентімен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкіметтің атынан өкілдік ету.
      Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелері.
      Экономикалық және қаржы саясаты, қорғаныс, құқықтық тәртіп, мұнай-газ секторын дамыту мәселелері.
      Үкіметтің заң шығару қызметін үйлестіру.
      Республикалық бюджет комиссиясының және Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің жұмысына басшылық жасау.
      Үкіметтің кадр мәселелері.
      Сыртқы істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Әділет министрлігінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) қызметін жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Б.С.Әйтімова

      Әлеуметтік даму, ұлтаралық қатынастар, Денсаулық сақтауды реформалау және дамыту мемлекеттік бағдарламасын, Білім берудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері.
      Әлеуметтік әріптестік, Республикалық үш жақты комиссияға басшылық жасау мәселелері.
      Мемлекеттік органдардың халықты әлеуметтік қамсыздандыру, демография және көші-қон, білім беруді, ғылымды, ақпаратты, мәдениетті, денсаулық сақтау мен спортты дамыту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
А.С.Есiмов

      Экономиканы жедел басқару, өңірлік саясат, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын, Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi.
      Мемлекеттiк органдардың ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсiптiк кешендi, жер және су қатынастарын дамыту, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
      Төтенше жағдайлар, жұмылдыру жұмысы мәселелерi.
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлiгінiң, Жер ресурстарын басқару агенттігiнiң, Статистика агенттiгiнің қызметін жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
С.М.Мыңбаев

      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын, инвестициялық саясатты iске асыру мәселелері.
      Мемлекеттiк органдардың өндiрiстік саланы, инфрақұрылым мен жаңа технологияларды, туризмдi дамыту, мемлекеттік органдарды ақпараттандыру, монополистiк қызметтi шектеу және бәсекелестікті қорғау мәселелерi жөнiндегі қызметін үйлестіру.
      Экспорттық бақылау, табиғи монополияларды реттеу мәселелерi.
      ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерімен өзара қатынастарды үйлестiру, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуi мәселелерi.
      Meмлекеттік даму институттарының (Қазақстанның Даму Банкi, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорация және басқалары) қызметiн үйлестіру.
      Индустрия және сауда министрлiгінің, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң, Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң, Ақпараттандыру және байланыс агенттігінiң, Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнiң қызметiн жалпы бақылау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Кеңсесінің Басшысы
А.А.Тілеубердин

      Yкiметтiң шешімдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлiгінде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың мемлекеттiк және орындаушылық тәртiпті сақтау, мемлекеттiк құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
      Үкiметтің кадр саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.
      Үкіметтiң өңiрлік саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, Yкiметтің облыстар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
      Премьер-Министр Кеңсесінің Президент Әкiмшiлiгiмен және Парламент палаталары аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады