Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң мәжiлiсiн дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 31-ө Өкімі

      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң мәжiлiсiн дайындау және 2005 жылғы 24-25 ақпанда Астана қаласында өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі:
      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң мәжiлiсiн (бұдан әрi - мәжiлiс) дайындау және 2005 жылғы 24-25 ақпанда Астана қаласында өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
      Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы ресми делегациялары (бұдан әрi - ресми делегациялар) мүшелерiнiң 1+3 формат бойынша қонақ үйде тұруына 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 2581224 (екi миллион бес жүз сексен бiр мың екi жүз жиырма төрт) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) ресми делегациялар мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздігін, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп, ресми делегациялар арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудi, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі мәжiлiстiң бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      5. Астана қаласының әкiмi ресми делегацияларды қарсы алу және шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру, мәдени бағдарлама ұйымдастыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң атынан ресми қабылдауда концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      7. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады