2005 жылғы 25-27 мамырда Алматы қаласында Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа, жұртшылықтың шешiмдер қабылдау процесiне қатысуына қол жеткiзу және сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы конвенция Тараптарының Екiншi Конференциясын дайындау және өткiзу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 25 ақпандағы N 35-ө Өкімі

      Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа, жұртшылықтың шешiмдер қабылдау процесiне қатысуына қол жеткiзу және сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы конвенция Тараптарының Екiншi Конференциясын (бұдан әрi - Конференция) дайындау және өткiзу мақсатында:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Конференцияны дайындау және өткiзу жөнiндегі жұмыс тобы (бұдан әрi - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2005 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Конференцияны дайындау және өткiзу жөнінде ұсыныстар әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметіне енгізсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2005 жылғы 25 ақпандағы
N 35-ө өкiмiне    
қосымша        

  2005 жылғы 25-27 мамырда Алматы қаласында Қоршаған ортаға
  қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа, жұртшылықтың шешiмдер
қабылдау процесiне қатысуына қол жеткiзу және сот әдiлдiгiне
       қол жеткiзу туралы конвенция Тараптарының Екiншi
Конференциясын дайындау және өткiзу жөнiндегi жұмыс тобының
                           құрамы

Есiмов                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Смағұлұлы         Министрiнiң орынбасары, жетекшiсi

Самақова                 - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Айткүл Байғазықызы         ортаны қорғау министрi, жетекшiнiң
                           орынбасары

Әбдiкәрiмова             - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Салтанат Жақсылыққызы      қорғау министрлiгiнiң Стратегиялық
                           жоспарлау және талдау департаментi
                           директорының орынбасары, хатшы

Әйтекенов                - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медiбайұлы          және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Бекжанов                 - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Жамбыл Лесбекұлы           ортаны қорғау вице-министрi

Досжан                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы          ақпарат және спорт вице-министрi

Кәрбозов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы    қауiпсiздiк комитетi төрағасының
                           орынбасары (келiсiм бойынша)

Қошанов                  - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Ерлан Жақанұлы             коммуникация вице-министрi

Онжанов                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Нұрлан Баймолдаұлы         министрiнiң орынбасары

Отто                     - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович              бiрiншi вице-министрi

Оразалинов               - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Дулат Сұлтанұлы            және байланыс агенттiгi төрағасының
                           орынбасары

Сүнтаев                  - Қазақстан Республикасы Қаржы
Тiлеген Иматұлы            министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi
                           төрағасының орынбасары

Сманқұлов                - Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары
Асқар Сұлтанұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады