Америка Құрама Штаттарының экс-президенті Уильям Джефферсон Клинтонның Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 243-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және Америка Құрама Штаттары экс-президентінің сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Америка Құрама Штаттарының экс-президентi Уильям Джефферсон Клинтонның Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және 2005 жылғы 6-7 қыркүйекте Алматы қаласында өткiзу жөніндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Америка Құрама Штаттарының экс-президентi Уильям Джефферсон Клинтонмен бiрге жүретін делегация мүшелерiне (бұдан әрi - делегация мүшелерi) қызмет көрсету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2005 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және "Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету" бюджеттік бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды Алматы қаласында өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкі iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитеті (келiсім бойынша) делегация мүшелерінің әуежайда тұратын және болатын орындарында қауіпсiздігін, жүретін бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігi белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесіп, Америка Құрама Штаттарының экс-президентi Уильям Джефферсон Клинтонның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Алматы қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Алматы қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Алматы қаласының әкiмi делегация мүшелерiн баратын жерлерде қарсы алу және шығарып салу, сондай-ақ Алматы қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Америка Құрама Штаттарының экс-президентi Уильям Джефферсон Клинтонды Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын, сондай-ақ қабылдау кезiнде Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың атынан концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2005 жылғы 5 қыркүйектегi
N 243-ө өкiмiне     
қосымша         

  Америка Құрама Штаттарының экс-президенті Уильям Джефферсон
Клинтонмен бiрге жүретiн делегация мүшелерiне
қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Америка Құрама Штаттарының экс-президентi Уильям Джефферсон Клинтонмен бiрге жүретiн делегация мүшелерiн 1+10 форматы бойынша Алматы қаласындағы "Риджент Алматы" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру жәнe оларға көлiктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерін "Риджент Алматы" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсаттамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Америка Құрама Штаттары делегациясының басшысы мен мүшелерi үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Америка Құрама Штаттарының делегациясын Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Hазарбаевтың атынан Америка Құрама Штаттарының экс-президентi Уильям Джефферсон Клинтонның сапарының құрметіне Алматы қаласында ресми қабылдауды ұйымдастыру.
      7. Делегация мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады