Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары Цзэн Цинхунның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы N 1-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы стратегиялық серiктестiктi дамыту және 2006 жылғы 9-12 қаңтарда Астана қаласында Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары Цзэн Цинхунның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
       2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бюджеттiк бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары Цзэн Цинхунның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Астана қаласының әкiмi Қытай Халық Республикасының делегациясын қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бiрге жүрудi, сондай-ақ мәдени бағдарлама мен ресми қабылдаулар ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары Цзэн Цинхунды қарсы алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын. 

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің    
2006 жылғы 5 қаңтардағы  
N 1-ө өкіміне      
қосымша      

Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн Астана қаласындағы "Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне 1+10 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақүйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары Цзэн Цинхунның құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады