Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының қазiргi Төрағасы - Бельгияның Сыртқы iстер министрi К. Де Гюхтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 наурыздағы N 71-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымы (бұдан әрi - ЕҚЫҰ) арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдiгi арасындағы екi жақты ынтымақтастықты тереңдету және 2006 жылғы 26-28 наурызда Астана және Алматы қалаларында ЕҚЫҰ-ның қазiргi Төрағасы - Бельгияның Сыртқы iстер министрi К. Де Гюхтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнің Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес ЕҚЫҰ ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметі (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) ЕҚЫҰ ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, ЕҚЫҰ-ның қазiргi Төрағасы - Бельгияның Сыртқы iстер министрi К. Де Гюхтың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi ЕҚЫҰ ресми делегациясын әуежайлардың VIP залдарында қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын және баратын орындарында бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      7. Осы өкiмнің iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-министрiнiң   
2006 жылғы 25 наурыздағы 
N 71-ө өкiмiне     
қосымша        

  ЕҚЫҰ-ның қазiргi Төрағасы - Бельгияның Сыртқы iстер министрi
К. Де Гюхт бастаған ресми делегацияның мүшелерiне қызмет
көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары

      1. ЕҚЫҰ ресми делегациясының мүшелерiн Астана мен Алматы қалаларындағы "Риксос-Президент" және "Риджент-Анкара" қонақ үйлерiнде 1+5 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн Астана және Алматы қалаларында "Риксос-Президент" және "Риджент-Анкара" қонақ үйлерiнде орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арналған рұқсатнамалар, куверткалар, ресми қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. ЕҚЫҰ ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. ЕҚЫҰ ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің атынан ЕҚЫҰ ресми делегациясының мүшелерi үшiн ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. ЕҚЫҰ ресми делегациясының мүшелерiне және бiрге жүретін адамдарға болатын орындарында медициналық қызмет көрсету.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады