Америка Құрама Штаттарының вице-президентi Ричард Чейнидiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 4 мамырдағы N 118-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2006 жылғы 5 - 6 мамырда Астана қаласында Америка Құрама Штаттарының вице-президентi Ричард Чейнидiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Америка Құрама Штаттары ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Америка Құрама Штаттарының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Америка Құрама Штаттарының вице-президентi Ричард Чейнидiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың атынан Америка Құрама Штаттары делегациясына арнап концерттік бағдарлама өткiзудi ұйымдастырсын.
      6. Астана қаласының әкiмi Америка Құрама Штаттарының ресми делегациясы болатын жерлерде қарсы алу және шығарып салу, сондай-ақ Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн, мәдени бағдарлама ұйымдастырсын.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Америка Құрама Штаттарының вице-президентi Ричард Чейнидi қарсы алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын.
      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2006 жылғы 4 мамырдағы 
N 118-ө өкiмiне   
қосымша   

Америка Құрама Штаттары ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Америка Құрама Штаттары ресми делегациясының мүшелерiн 1+11 форматы бойынша Астана қаласындағы "Риксос Президент-отель" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Риксос Президент-отель" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Америка Құрама Штаттары ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар дайындау.
      5. Америка Құрама Штаттарының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Америка Құрама Штаттарының вице-президентi Ричард Чейнидiң құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады