"Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 227-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған  "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы"  және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттігi, орталық атқарушы органдар тiзбеге сәйкес:
      1) нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсін.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2006 жылғы 14 тамыздағы
                                         N 227-ө өкімімен бекітілген

       "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы"
     және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
    актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын
    құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
     енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын
    іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
                   құқықтық кесімдердің
                          тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық кесімінің атауы

Кесімнің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 

 АӨҚОҚРА (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ, ҚБА, Еңбекмині

2006 жылғы тамыз

2.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) ережесін бекіту туралы

АӨҚОҚРА бұйрығы

АӨҚОҚРА (жинақтау), Әділетмині

2006 жылғы тамыз

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ (жинақтау), СІМ, ҰҚК, АӨҚОҚРА

2006 жылғы тамыз

4.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы" нұсқаулыққа толықтырулар енгізу туралы

СІМ және ІІМ бірлескен бұйрығы 

ІІМ (жинақтау), СІМ, ҰҚК, АӨҚОҚРА

2006 жылғы тамыз

5.

Тоқсан сайын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тарту туралы ақпараттың нысанын бекіту туралы

Еңбекминінің бұйрығы 

Еңбекмині 

2006 жылғы тамыз

6.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметтің реттеу жөніндегі уәкілетті орган тіркеген заңды тұлғаларға бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру ережесін, сондай-ақ олардың басшы қызметкерлерін келісу шарттары мен тәртібін бекіту туралы

ҚБА басқармасының қаулысы

ҚБА (жинақтау), АӨҚОҚРА

2006 жылғы тамыз

7.

Бағалы қағаздарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжанып отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ мұндай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы 

АӨҚОҚРА бұйрығы

АӨҚОҚРА (жинақтау), ҚБА

2006 жылғы тамыз

8.

Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

АӨҚОҚРА бұйрығы

АӨҚОҚРА (жинақтау), ҚБА, Қаржымині

2006 жылғы тамыз

9.

Көрсетуден түсетін кіріс олардың жиынтық жылдық кірісінен алынып тасталуға тиіс Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары көрсететін қаржылық қызметтердің тізбесін бекіту туралы  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АӨҚОҚРА (жинақтау), ҚБА, Қаржымині, ЭБЖМ

2006 жылғы тамыз

10.

Рейтингтік бағаларын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган мойындайтын рейтингтік агенттіктердің тізбесін бекіту туралы

АӨҚОҚРА бұйрығы

АӨҚОҚРА

2006 жылғы тамыз

11.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздардың рейтингтік бағаларына және олардың эмитенттеріне қойылатын талаптарды белгілеу туралы

АӨҚОҚРА бұйрығы

АӨҚОҚРА (жинақтау), ҚБА

2006 жылғы  тамыз

12.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы мойындайтын қор биржаларының тізбесін белгілеу туралы

АӨҚОҚРА бұйрығы

АӨҚОҚРА

2006 жылғы тамыз

Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:

АӨҚОҚРА  - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы
           орталығының қызметін реттеу агенттігі
ҚБА      - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын
           реттеу және қадағалау агенттігі
ҰБ       - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҰҚК      - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қаржымині- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
СІМ      - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ІІМ      - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Еңбекмині- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
           қорғау министрлігі
ЭБЖМ     - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
           жоспарлау министрлігі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады