Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) этномәдени орталығы мен әл-Фараби кесенесiн салу, Сұлтан Бейбарыстың кесенесi мен Каир қаласындағы (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың мешiтiн қалпына келтiру және Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс пен әл-Фарабиге монумент ескерткiштерiн орнату жобаларын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 247-ө Өкімі

      Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) этномәдени орталығы мен әл-Фараби кесенесiн салу, Сұлтан Бейбарыстың кесенесi мен Каир қаласындағы (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың мешiтiн қалпына келтiру және Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс пен әл-Фарабиге монумент ескерткiштерiн орнату жобаларын iске асыру мақсатында:

      1. Қоса берiлiп отырған Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) этномәдени орталығы мен әл-Фараби кесенесiн салу, Сұлтан Бейбарыстың кесенесi мен Каир қаласындағы (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың мешiтiн қалпына келтiру және Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс пен әл-Фарабиге монумент ескерткiштерiн орнату жобаларын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары Жоспарда көзделген iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                             2006 жылғы»25 тамыздағы
                                                N 247-ө өкімімен
                                                   бекітілген

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008.01.22.  N 8-ө  Өкімімен.

        Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) этномәдени
   орталығы мен әл-Фараби кесенесін салу, Сұлтан Бейбарыстың
   кесенесі мен Каир қаласындағы (Египет Араб Республикасы)
    Сұлтан Бейбарыстың мешітін қалпына келтіру және Дамаск
    қаласында (Сирия Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс пен
     әл-Фарабиге монумент ескерткіштерін орнату жобаларын
                    іске асыру жөніндегі
                     іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралардың атауы

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

1.

Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін Дамаск қаласында этномәдени орталығы мен әл-Фараби кесенесін салу, Сұлтан Бейбарыстың кесенесін қалпына келтіру жобаларының 2007 жылға арналған бюджет қаражатын қажет ететін қаржы-экономикалық, заңи және ұйымдастыру-техникалық аспектілерін егжей-тегжейлі зерделеу

МАМ (жинақтау)
ЭБЖМ
Қаржымині

2006 жылғы қыркүйек

2.

Жобалар құнының өзгеруін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" және "Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы" қаулыларының жобаларын дайындау (жобаны іске асыруды бастау үшін)

МАМ (жинақтау)
ЭБЖМ
Әділетмині
Қаржымині
СІМ

2006 жылғы қыркүйек

3.

Дамаск қаласында этномәдени орталығы мен әл-Фараби кесенесін салу, Сұлтан Бейбарыстың кесенесі мен Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыстың мешітін қалпына келтіру және Дамаск қаласында Сұлтан Бейбарыс пен әл-Фарабиге монумент ескерткіштерін орнату жобаларын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қажетті шешімдерінің жобаларын жедел түрде келісуді және енгізуді қамтамасыз ету және контрагенттермен тұрақты жұмыс байланысында болу

МАМ (жинақтау)
ЭБЖМ
Қаржымині
Әділетмині
СІМ

2006 жылғы қыркүйек

4.

Жобаларды іске асыруды заңды түрде ресімдеу үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сирия Араб Республикасының және Египет Араб Республикасының үкіметтері арасында Өзара түсіністік туралы меморандум жасасу

МАМ (жинақтау)
Әділетмині
СІМ

2006 жылғы желтоқсан

5.

Дамаск қаласында Сұлтан Бейбарыс пен әл-Фарабиге монумент ескерткішін орнату жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу

МАМ (жинақтау)
ЭБЖМ
Әділетмині
СІМ

2008 жылғы
наурыз

6.

Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыстың мешітін қалпына келтіруге және Дамаск қаласындағы Сұлтан Бейбарыстың кесенесі мен кітапханасын қалпына келтіруге қазақстандық тараптың қатысу нысандары мен тетігін анықтау

МАМ (жинақтау)
СІМ

2007 жылғы І тоқсан

7.

Этномәдени орталығы мен әл-Фарабидің кесенесін салудың ең үздік жобасына халықаралық конкурс өткізу

МАМ (жинақтау)
СІМ

ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданғаннан кейін

8.

Жобалар бойынша жұмыстар аяқталған жылды әл-Фараби
жылы деп жариялау
мүмкіндігі туралы мәселені
пысықтау және Қазақстан
Республикасының Үкіметіне
ұсыныс енгізу

МАМ (жинақтау)
СІМ

2008 жылғы
IV тоқсан

9.

Жұмысы әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен қызметін зерттеуге арналған әр түрлі халықаралық ақпараттық-мәдени және ғылыми-практикалық іс-шараларды (конференция, семинар, форум), оның ішінде Сириялық тараппен бірлесіп ұйымдастыру және оларға қатысу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау

МАМ (жинақтау) БҒМ
СІМ

2008 жыл III тоқсан

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады