Ресей Федерациясының Президентi В.В.Путиннiң Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N 285-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2006 жылғы 3 қазанда Орал қаласында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы шекаралас аймақтары басшыларының форумын өткiзу шегiнде Ресей Федерациясының Президентi Владимир Владимирович Путиннiң Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгі сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясы делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Халықтың республикалық деңгейдегi санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Ресей Федерациясының делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Ресей Федерациясының Президентi Владимир Владимирович Путиннiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Орал қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Орал қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Батыс Қазақстан облысының әкiмi Ресей Федерациясының делегациясын қарсы алу және шығарып салу Орал қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Орал қаласының әуежайында Ресей Федерациясының Президентi Владимир Владимирович Путиндi қарсы алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

 

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнiң   
2006 жылғы 29 қыркүйектегі
N 285-ө өкiмiне    
қосымша    

Ресей Федерациясы делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру шаралары

      1. Ресей Федерациясы делегациясының мүшелерiн 1+11 форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету, сондай-ақ бiрге жүретiн адамдарды Орал қаласының қонақ үйлерiнде орналастыруға және оларға көлiктiк қызмет көрсетуге жәрдем көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн Орал қаласының қонақ үйлерiнде күзетiлетiн адамдардың нөмiрлерiне тiкелей жақын орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Ресей Федерациясы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық пен кәдесыйлар сатып алу.
      5. Ресей Федерациясының делегациясын Орал қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың атынан Ресей Федерациясының Президентi B.B. Путиннiң құрметiне Орал қаласында түскi ас ұйымдастыру.
      7. Делегация мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      8. Iс-шаралар өтетiн орындарда гүлмен безендiрудi ұйымдастыру.
      9. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының форумын өткiзу кезiнде техникалық қолдауды қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады