Қытай коммунистік партиясының Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Қытай Халық Республикасының Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы Партия комитетінің хатшысы Ван Лэцюаньнің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 11 қарашадағы N 320-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту және 2006 жылғы 12 - 15 қарашада Астана және Алматы қалаларында Қытай коммунистік партиясының Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Қытай Халық Республикасының Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы (бұдан әрі - ҚХР ШҰАА) Партия комитетінің хатшысы Ван Лэцюаньнің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001»"Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003»"Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан
Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының   үстінен ұшып өтуін, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін;
      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан ҚХР ШҰАА Партия комитетінің хатшысы Ван Лэцюаньнің құрметіне Астана қаласында ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарламаны қамтамасыз етсін.

      6. Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қытай Халық
Республикасының делегациясын қарсы алу және шығарып салу жөніндегі
ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, болатын жерлерінде бірге жүруді,
сондай-ақ Алматыда мәдени бағдарлама мен ресми қабылдау ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2006 жылғы»11 қарашадағы
№ 320-ө өкіміне қосымша 

Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерін
Астана қаласында 1+10 форматы бойынша "Окан Интерконтиненталь-Астана", Алматы қаласында "Интерконтиненталь-Анкара" қонақ үйіне орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің
қызметкерлерін Астана қаласында»"Окан Интерконтиненталь-Астана" және
Алматы қаласында "Интерконтиненталь-Анкара" қонақ үйіне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының басшысы мен
мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясын Астана және
Алматы қалаларының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Іс шаралар болатын орындарында гүл безендіруін ұйымдастыру.
      7. Қазақстан Республикасының Президенті атынан ҚКП Орталық
комитеті Саяси бюросының мүшесі Ван Лэцюаньнің құрметіне Астана
қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      8. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады