Латвия Республикасының Электрондық үкiмет мәселелерi жөнiндегi министрi Ина Гуделе бастаған делегацияның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 13 қарашадағы N 322-ө Өкімі

      2006 жылғы 13-17 қарашада Астана және Алматы қалаларында Латвия Республикасының Электрондық үкiмет мәселелерi жөнiндегi министрi И.Гуделе бастаған делегацияның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы:
      қосымшаға сәйкес Латвия Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды Астана және Алматы қалаларында өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бюджеттiк бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi делегация мүшелерiнiң Алматы қаласында Ақпараттық технологиялар паркiнде болуын және Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының iскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өткiзудi ұйымдастырсын.
      4. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
      5. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2006 жылғы 13 қарашадағы
N 322-ө өкіміне   
қосымша       

Латвия Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне
қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Ресми делегация мүшелерiн Астана және Алматы қалалары әуежайларының жоғары лауазымды тұлғаларға арналған залдарында қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету.
      2. Астана және Алматы қалаларының әуежайларында ресми делегация мүшелерiн қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      3. Ресми делегация мүшелерiн (1+3 форматы бойынша) Астана қаласының "Риксос Президент Отель" қонақ үйiне, Алматы қаласының "Риджент Анкара" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және көлiктiк қызмет көрсету.
      4. Астана - Алматы бағыты бойынша ресми делегация мүшелерiнiң авиаұшуына ақы төлеу.
      5. Ресми делегация басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шаралар өтетiн жерлердi гүлмен безендiрудi ұйымдастыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады