Словак Республикасының Сыртқы iстер министрi Я.Кубиштiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 62-ө Өкімі

      2007 жылғы 20 - 22 наурызда Астана қаласына Словак  Республикасының Сыртқы iстер министрi Ян Кубиштiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
      қосымшаға сәйкес сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
      Словак Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен белгiленген тәртiппен 283210 (екi жүз сексен үш мың екi жүз он) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Словак Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарында қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      3. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
2007 жылғы 20 наурыздағы 
N 62-ө өкiмiне     
қосымша      

Сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шаралары

      1. Словак Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн Астана қаласындағы "Риксос-Президент" қонақ үйiнде 1+2 форматы бойынша орналастыру және көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арналған арнайы рұқсатнамалар, куверткалар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Словак Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн кәдесыйлар сатып алу.
      4. Словак Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң атынан Словак Республикасы ресми делегациясының мүшелерi үшiн Астана қаласында ресми қонақасы ұйымдастыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады