Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 158-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру жөнінде келісілген ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда жұмыс тобы құрылсын.

      2. Жұмыс тобы екі апта мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
      1) Қазақстан Республикасының өңірлеріне жеміс-көкөніс өнімін жеткізу кезінде әкімшілік рәсімдерді оңайлату және жеделдету;
      2) сауда инфрақұрылымдарын дамыту және жеміс-көкөніс өнімін ұзақ уақыт сақтау және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар кешені жөнінде ұсыныстар енгізсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері шұғыл тәртіппен жұмыс тобына қажетті ақпарат пен ұсыныстар берсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғ.І.Оразбақовқа жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2007 жылғы»11 маусымдағы 
N 158-ө өкіміне    
қосымша   

Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамы

Оразбақов                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы             және сауда министрі, жетекші

Бишімбаев                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қуандық Уәлиханұлы           және сауда вице-министрі, жетекшінің
                             орынбасары
 
Мұқанов                    - Қазақстан Республикасы Индустрия
Қуаныш Климұлы               және сауда министрлігі Сауда
                             қызметін реттеу комитетінің
                             төрағасы, хатшы

Айтжанов                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы                шаруашылығы вице-министрі

Белоног                    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Анатолий Александрович       министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
                             эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
                             төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас
                             санитарлық дәрігері

Оразбеков                  - Қазақстан Республикасы Көлік және
Марат Жаңабергенұлы          коммуникация министрлігі Жол
                             қатынастары комитетінің төрағасы
 
Рябцев                     - Қазақстан Республикасы Ауыл
Анатолий Дмитриевич          шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
                             комитетінің төрағасы
 
Тұрлыханов                 - Қазақстан Республикасы Көлік және 
Қайрат Болатұлы              коммуникация министрлігі Көліктік
                             бақылау комитетінің төрағасы
 
Түсімов                    - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Өмірзақ Төлеуұлы             министрлігі Жол полициясы комитетінің
                             төрағасы
 
Әбдішев                    - Қазақстан Республикасы Қаржы
Бауыржан Түйтеұлы            министрлігінің Кедендік бақылау
                             комитеті төрағасының орынбасары
 
Тулубаев                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Сергей Анатольевич           қауіпсіздік комитетінің Шекара
                             қызметі шекара бақылау бас
                             басқармасының бастығы (келісім бойынша)
 
Әбішев                     - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Ислам Әлмаханұлы             орынбасары
 
Вербняк                    - Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Александр Федорович
 
Мұсатаев                   - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Мұрат Хабдылжаппарұлы 
 
Нұргалиев                  - Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Асқар Қайыртайұлы 
 
Развин                     - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Сергей Владимирович          орынбасары

Сағиев                     - Қостанай облысы әкімінің орынбасары 
Ғани Тоқтамысұлы 
 
Смағұлов                   - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Болат Советұлы 
 
Перуашев                   -«"Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері
Азат Тұрлыбекұлы             мен жұмыс берушілерінің жалпы ұлттық
                             одағы басқармасының төрағасы
                             (келісім бойынша)
 
Рау                        - "Сарыарқа"»әлеуметтік-кәсіпкерлік
Альберт Павлович             корпорациясы»ұлттық компаниясы
                             акционерлік қоғамы басқармасының
                             төрағасы (келісім бойынша)
 
Қалиев                     - "КазАгромаркетинг" акционерлік қоғамы
Дархан Жаңбыршыұлы           басқармасының төрағасы 
                             (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады