Әзірбайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 210-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, Әзірбайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтің 2007 жылғы 7-8 тамыздағы Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Әзірбайжан Республикасы делегациясының мүшелеріне»"1+1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001»"Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003»"Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әзірбайжан Республикасының делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Әзірбайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасының Президенті атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      6. Астана қаласының әкімдігі Әзірбайжан Республикасы делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, баратын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Әзірбайжан Республикасы делегациясын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2007 жылғы»6 тамыздағы
N 210-ө өкіміне  
қосымша      

Әзірбайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтің
Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау
және өткізу жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Әзірбайжан Республикасы делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Риксос-Президент Астана" қонақ үйіне "1+1+10" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы»"Риксос-Президент Астана" қонақ үйіне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Әзірбайжан Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Әзірбайжан Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткізілетін жерлерді гүлмен безендіру.
      7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Әзірбайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтің құрметіне Астана қаласында ресми түскі ас ұйымдастыру.
      8. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады