Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі А.Г.Акиловтің Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 238-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, 2007 жылғы 23-24 тамыз кезеңінде Астана қаласында Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Акилов Акил Гайбуллаевичтің Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Тәжікстан Республикасы делегациясының мүшелеріне "1+5" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2007 жылға арналған республикалық бюджетте "001»Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Тәжікстан Республикасы делегациясы мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Акилов Акил Гайбуллаевичтің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін. 
      6. Астана қаласының әкімдігі Тәжікстан Республикасының делегациясын әуежайдың жоғары лауазымды тұлғаларға арналған залында қарсы алу және шығарып салу, Тәжікстан Республикасы делегациясының баратын жерлерінде бірге жүру, сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
      7. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің    
2007 жылғы 23 тамыздағы   
N 238-ө өкіміне     
қосымша          

Тәжікстан Республикасы делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Тәжікстан Республикасы делегациясының мүшелерін "1+5" форматы бойынша орналастыру, оларды тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету, сондай-ақ Астана қаласының "Риксос-Президент Отель" қонақ үйінде орналастыруға жәрдем көрсету және бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласының "Риксос-Президент Отель" қонақ үйінде орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Тәжікстан Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Тәжікстан Республикасы делегациясын Астана қаласының әуежайында күтіп алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралардың өткізілу орындарын гүлмен безендіру.
      7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атынан Тәжікстан Республикасы делегациясының мүшелеріне Астана қаласында қабылдау ұйымдастыру.
      8. Тәжікстан Республикасы делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға болатын орындарында медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады