"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 249-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге белгіленген тәртіппен енгізсін;
      2) ведомствалық нормативтік құқықтық актілерді жоғарыда көрсетілген Заңға сәйкес келтірсін және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер Министрінің  
2007 жылғы 10 қыркүйектегі
N 249-ө өкімімен  
бекітілген     

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
N

Атауы

Актінің
нысаны

Орындауға
жауапты
мемлекет-
тік орган

Орындау
мерзімі

1

2

3

4

5

1.

"Салық төлеушінің билік
ету шектелген мүлкін
салық берешегі есебіне
өткізу жөнінде мамандан-
дырылған аукцион өткізу
ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы 21
маусымдағы N 522 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

Қаржымині

2007
жылғы
қыркүйек

2.

"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Салық комитетінің N 1
аймақаралық салық комитеті"
мемлекеттік мекемесін
тарату туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

Қаржымині

2007
жылғы
қыркүйек

3.

"Жасыл және қызыл
дәліздерді" жайластыруға
қолданылатын талаптарды
бекіту туралы

Бұйрық

Қаржымині

2007
жылғы
қыркүйек

4.

Жүк, жолаушылар, көлік
құралдары және жүру бағыты
туралы алдын ала ақпаратты
беру ережесін бекіту туралы

Бұйрық

Қаржымині

2007
жылғы
қыркүйек

5.

"Қазақстан Республикасының
кеден органдарының кадр
жұмыстарының кейбір мәселе-
лері туралы" Қазақстан
Республикасының Кедендік
бақылау агенттігі төрағасы-
ның 2003 жылғы 14 мамырдағы
N 202 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы

Бұйрық

Қаржымині

2007
жылғы
қыркүйек

6.

"Кеден органдарының
кедендік төлемдер мен
салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді қолдануы-
ның ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы 13
мамырдағы N 199 бұйрығының
күші жойылды деп тану
туралы

Бұйрық

Қаржымині

2007
жылғы
қыркүйек

7.

"Қазақстан Республикасының
кеден органдарына қызметке
тағайындалатын үміткер-
лерге тестілеу жүргізу
ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы 27
мамырдағы N 248 бұйрықтың
күші жойылды деп тану
туралы

Бұйрық

Қаржымині

2007
жылғы
қыркүйек

       Ескретпе:  аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады