Мемлекеттік шығыстарды қысқарту және 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстарды пысықтау жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 21 ақпандағы N 44-ө Өкімі

      Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауында көзделген мемлекеттік шығыстарды қысқарту және үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шөкеев               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы       Министрінің орынбасары, жетекші

Сұлтанов             - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы      Экономика және бюджеттік жоспарлау
                       министрі, жетекшінің орынбасары

Мамытбеков           - Қазақстан Республикасы Премьер-
Асылжан Сарыбайұлы     Министрінің Кеңсесі Басшысының
                       орынбасары, жетекшінің орынбасары

Тоқабекова           - Қазақстан Республикасы Экономика
Жәмилә Талғатқызы      және бюджеттік жоспарлау
                       министрлігінің Бюджеттік саясат
                       және жоспарлау департаменті
                       директорының орынбасары, хатшы

Қармазина            - Қазақстан Республикасының Экономика
Лена Мағауияқызы       және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Саудабаев            - Қазақстан Республикасының
Дәулет Советұлы        Қаржы вице-министрі

Қуанғанов            - Қазақстан Республикасының Білім
Фархад Шаймұратұлы     және ғылым вице-министрі

Нүсіпова             - Қазақстан Республикасының
Әсем Бекқызы           Денсаулық сақтау вице-министрі

Дүйсенова            - Қазақстан Республикасы Еңбек
Тамара Қасымқызы       және халықты әлеуметтік қорғау
                       министрлігінің жауапты хатшысы

Котенко              - Қазақстан Республикасы Премьер-
Наталья Леонидовна     Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-
                       экономикалық бөлімнің меңгерушісі

Аманбаев             - Қазақстан Республикасының Премьер-
Жолдымұрат Ермұханұлы  Министрі орынбасарының кеңесшісі

Қалиева              - Қазақстан Республикасы Қаржы
Анар Нұрдыбайқызы      министрлігі Мемлекеттік бюджетті
                       талдау және оның атқарылуы әдіснамасы
                       департаментінің директоры

Иванова              - Қазақстан Республикасы Экономика
Наталья Николаевна     және бюджеттік жоспарлау министрлігі
                       Қорғанысты, құқық қорғау жүйесін
                       және мемлекеттік органдарды дамыту
                       департаментінің директоры

Құрманғалиева        - Қазақстан Республикасы Экономика
Аида Дәденқызы         және бюджеттік жоспарлау
                       министрлігі Әлеуметтік саланы
                       дамыту департаментінің директоры

Ермекова             - Қазақстан Республикасы Экономика
Несіпбала Әбсағитқызы  және бюджеттік жоспарлау министрлігі
                       Экономика салаларын дамыту
                       департаментінің директоры

Хамитова             - Қазақстан Республикасының Премьер-
Эльмира Рамилқызы      Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-
                       экономикалық бөлімі білім, ғылым
                       және мәдениет секторының меңгерушісі

      2. Жұмыс тобы:
      2008 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде әлеуметтіктен басқа, барлық бағыттар мен бағдарламалар бойынша мемлекеттік шығыстарды қысқарту жөнінде ұсыныстар;
      2008 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1297 қаулысымен бекітілген Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманың негізінде 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады