Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті X. Келердің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 235-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті Хорст Келердің 2008 жылғы 2-4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      1) қосымшаға сәйкес Германия Федеративтік Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне (бұдан әрі - ресми делегация) "1+1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2) сапарды дайындауға және өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми делегация мүшелерінің Астана және Алматы қалаларының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді және арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті Х. Келердің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті атынан ресми түскі қонақасы кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      6. Астана және Алматы қалаларының әкімдері ресми делегацияны қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерін безендіруді және мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында ресми делегацияны қарсы алу/шығарып салу рәсімдеріне қатыссын.

      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2008 жылғы 2 қыркүйектегі
N 235-ө өкіміне   
қосымша       

Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті X. Келер бастаған ресми делегацияның мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Германия Федеративтік Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (бұдан әрі - ресми делегация) Астана қаласындағы "Редиссон САС Астана" қонақ үйіне және Алматы қаласындағы "ИнтерКонтиненталь" қонақ үйіне "1+1+10" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы "Редиссон САС Астана" қонақ үйіне және Алматы қаласындағы "ИнтерКонтиненталь" қонақ үйіне орналастыру.

      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.

      4. Ресми делегацияның басшысы, басшының зайыбы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.

      5. Ресми делегацияны қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында ВИП-зал арқылы өткізу, шай дастарханын ұйымдастыру.

      6. Іс-шаралар өткізілетін жерлерді гүлмен көркемдеу.

      7. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың атынан Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті X. Келердің құрметіне Астана қаласында ресми түскі қонақасы ұйымдастыру.

      8. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады