"Астана қаласында "Талдыкөл" ағынды суларды жинақтаушысының орнын қалпына келтіре отырып оны жою" жобасын іс жүзінде іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 5 ақпандағы N 19-ө Өкімі

      "Астана қаласында "Талдыкөл" ағынды суларды жинақтаушысының орнын қалпына келтіре отырып оны жою" жобасын іс жүзінде іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шөкеев                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы              Министрінің орынбасары, жетекші

Ысқақов                     - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбділдаұлы             ортаны қорғау министрі, жетекшінің
                              орынбасары

Тасмағамбетов               - Астана қаласының әкімі, жетекшінің
Иманғали Нұрғалиұлы           орынбасары

Крылов                      - Астана қаласы әкімінің орынбасары,
Василий Леонидович            хатшы

Кармазина                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Лена Мағауияқызы              және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Евниев                      - Қазақстан Республикасының Ауыл
Арман Қайратұлы               шаруашылығы вице-министрі

Белоног                     - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Анатолий Александрович        сақтау министрлігі
                              Санитарлық-эпидемиалогиялық бақылау
                              комитетінің төрағасы

Рябцев                      - Қазақстан Республикасы Ауыл
Анатолий Дмитриевич           шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
                              комитетінің төрағасы

Тихонюк                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Николай Петрович              сауда министрлігі Құрылыс және
                              тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық
                              комитеті төрағасының орынбасары

Отаров                      - Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Қадырхан Махмұтұлы

Малғаздаров                 - Астана қаласының әкімдігі энергетика
Ғабит Тілеукенұлы             және коммуналдық шаруашылық
                              басқармасының бастығы

Нұркенов                    - "Астана су арнасы" мемлекеттік
Жанбыршы Есетұлы              коммуналдық кәсіпорнының бас директоры

      2. Жұмыс тобы он күн мерзімде ағынды суларды "Қарабидайық" жинақтаушысына құю жөніндегі жұмыстарды бұрын келісілген схема бойынша аяқтауды және жобаның өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету үшін мембраналық технологияларды қолдануды көздейтін "Астана қаласында "Талдыкөл" ағынды суларды жинақтаушысының орнын қалпына келтіре отырып оны жою" жобасын іс жүзінде іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады