Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 739 Жарлығын орындау үшін ведомствоаралық комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 19 ақпандағы N 27-ө Өкімі

      1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 739 Жарлығының 4-тармағын іске асыру мақсатында мынадай құрамда Ведомствоаралық комиссия құрылсын:

Орынбаев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы             Министрінің орынбасары, төраға

Жанқұлиев                   - Қазақстан Республикасының "Сырбар"
Аманжол Қазбекұлы             Сыртқы барлау қызметінің директоры

Кармазина                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Лена Мағауияқызы              және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Котенко                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Наталья Леонидовна            Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-
                              экономикалық бөлімінің меңгерушісі

Құсдәулетов                 - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы                вице-министрі

Нұриманов                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы            қауіпсіздік комитеті төрағасының
                              орынбасары

Тәңірберген                 - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
Саидмұрат Бапанұлы            Кеңесінің Хатшылығы меңгерушісінің
                              орынбасары

Өтепов                      - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлұлы                министрлігі Мемлекеттік мүлік және
                              жекешелендіру комитетінің төрағасы

Шамсутдинов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ринат Шарафутдинович          Министрінің Кеңсесі Қорғаныс және құқық
                              тәртібі бөлімінің меңгерушісі

      2. Ведомствоаралық комиссия:
      1) 2009 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 739 Жарлығының 4-тармағын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекіту үшін ұсынсын;
      2) Іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етсін;
      3) 2009 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу қорытындылары туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады