Байланыс формасы

Жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық қамтуды дамытуға бағытталған шараларды нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 мамырдағы N 75-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану саласындағы
қазақстандық қамтуды дамытуға бағытталған шараларды нығайту жөніндегі
іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
      1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын
қамтамасыз етсін;
      2) жылына бір рет, 5 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жылына бір рет, 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

       Премьер-Министр                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2009 жылғы 20 мамырдағы
N 75-ө өкімімен   
бекітілген      

Жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық қамтуды дамытуға бағытталған шараларды нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспары    

Р/с N

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

1. Жалпы жүйелік шаралар

1.1

Жер қойнауын пайдалану саласында импортталатын тауарларды алмастыру әлеуетін айқындау мақсатында олардың құрылымына талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), ИСМ

2009 жылғы 30 шілде

Талап етілмейді

1.2

Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақстандық қамту (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) және қазақстандық кадрларды тарту бөлігінде келісім-шарт міндеттемелерін орындамайтын жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылған шаралар жөнінде ақпарат беру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ЭМРМ (жинақтау), Еңбекмині

2009 жылғы 30 шілде

Талап етілмейді

1.3

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлық келісім-шарттарды  және қазақстандық қамту бойынша міндеттемелердің орындалуын мониторингілеудің және бақылаудың тиімді жүйесін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау) "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы 30 шілде

Талап етілмейді

1.4

Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуды мониторингілеу мен бақылаудың тиімді жүйесін әзірлеу және бұзушылықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

2009 жылғы 31 тамыз

Талап етілмейді

1.5

Нормативтік құқықтық актілерге жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық қамтудың төменгі шегін белгілейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭМРМ (жинақтау), ИСМ

2009 жылғы 30 шілде

Талап етілмейді

1.6

Қазақстандық қамту бөлігінде нақты инвестициялық жобалардағы мерзімдер мен тараптардың міндеттемелерін белгілей отырып, ынтымақтастық жөніндегі жоспарды әзірлеу және меморандумдар жасасу үшін жер қойнауын ірі пайдаланушылармен кеңестер өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), ИСМ

2009 жылғы 30 шілде

Талап етілмейді

2. Кадр саясаты

2.1

Өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы (жер қойнауын пайдалану саласындағы) қазақстандық мамандар мен жұмысшыларға сұранысты айқындау

БҒМ-ға ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), Еңбекмині

Жыл сайын, шілде

Талап етілмейді

2.2

Кәсіпорындардың инженер кадрларларына болжамды сұранысына талдау жүргізу, нәтижелері бойынша елдегі және шет елдердегі ЖОО-ларда мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау жөнінде ұсыныстар енгізу

БҒМ-ға ұсыныстар

ЭМРМ (жинақтау), Еңбекмині, ИСМ

Жыл сайын, шілде

Талап етілмейді

2.3

Шетелдік мамандар мен жұмысшыларды алмастыру үшін қазақстандық кадрларды оқытуды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жер қойнауын пайдаланушылар қаражатының есебінен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), ИСМ, Еңбекмині

2009 жылғы 20 қараша

Жер қойнауын пайдаланушылар қаражатының есебінен

3. Инфрақұрылымды дамыту

3.1

Жер қойнауын пайдалану саласындағы отандық  кәсіпорындарда өнімнің жаңа түрлерін игеру бағдарламасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), ИСМ

2009 жылғы 20 қараша

Талап етілмейді

3.2

Отандық тауар өндірушілердің жер қойнауын пайдалану саласында қазақстандық қамту үлесі жоғары жаңа өндірістер түрлерін игеруі

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭМРМ (жинақтау), ИСМ, БҒМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы 20 қараша

Талап етілмейді

4. Ғылыми-техникалық және инновациялық қамтамасыз ету

4.1

Даму институттары мен екінші деңгейдегі банктер қолдаған, жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық қамтуды және бәсекеге қабілетті өнім шығаруды ұлғайтуға бағытталған инвестициялық және инновациялық жобалардың тізбесін жасау

ИСМ-ге ұсыныстар

ЭМРМ (жинақтау), ККМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы 20 қараша

Талап етілмейді

4.2

Жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуға бағытталған кешенді және мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүйелі қаржыландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭМРМ (жинақтау), ИСМ, БҒМ, ЭБЖМ

2009 жылғы 20 қараша

Талап етілмейді

5. Ақпараттық қамтамасыз ету

5.1

Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың сервистік (мердігер) компанияларының жабдықтарды, жиынтықтауыштарды сатып алуы бойынша жоспарланған және жүргізілген конкурстардың нәтижелері, олардың қаралатын кезеңге арналған қажеттілігі туралы ақпаратты жеткізудің ашықтығын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ

Тоқсан сайын, 25-күніне

Талап етілмейді

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ        - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ЭМРМ       - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
             ресурстар министрлігі
БҒМ        - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еңбекмині  - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
             қорғау министрлігі
ЭБЖМ       - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
             жоспарлау министрлігі
Қаржымині  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ККМ        - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
             министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады