Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 6 қыркүйектегі N 236-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 77-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 6 қыркүйектегі N 236-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Сүлейменов                  - Қазақстан Республикасының Экономика
Тимур Мұратұлы                және бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
                              орынбасар

Доможирская                 - Қазақстан Республикасының Экономика
Ирина Николаевна              және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                              Салық саясаты және болжамдар
                              департаменті директорының орынбасары,
                              хатшы

Мағауов                     - Қазақстан Республикасының Энергетика
Әсет Маратұлы                 және минералдық ресурстар вице-министрі

Смайылов                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Әлихан Асханұлы               вице-министрі

      мына:

"Тен                        - Қазақстан Республикасы Экономика және
Игорь Викторович              бюджеттік жоспарлау министрінің штаттан
                              тыс кеңесшісі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Тен                        - Қазақстан Республикасы Қаржы
Игорь Викторович              министрлігінің Кедендік бақылау
                              комитеті төрағасының орынбасары";

      көрсетілген жұмыс тобының құрамынан: Құсайынов Марат Әпсеметұлы, Ақшолақов Болат Оралұлы, Ерғожин Дәулет Еділұлы шығарылсын.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады