Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 7 қазандағы N 250-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 14 шілдедегі N 100-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының жобасын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 7 қазандағы N 250-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Мұханов                     - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мақсат Нұрдәулетұлы           Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер
                              және талдау орталығының меңгерушісі
                              (келісім бойынша)

Түсіпбеков                  - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы             министрі;

      мына:

"Исекешев                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әсет Өрентайұлы               көмекшісі (келісім бойынша)",

"Бишімбаев                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы            Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
                              мониторинг бөлімінің меңгерушісі
                              (келісім бойынша)"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Исекешев                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы               және сауда министрі",

"Бишімбаев                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы            көмекшісі (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Зағипа Яхянқызы Балиева, Владимир Сергеевич Школьник шығарылсын;
      2-тармақта "1" деген сан "15" деген сандармен ауыстырылсын.

       Премьер-Министр                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады