"Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 20 ақпандағы № 31-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 20 ақпандағы
№ 31-ө өкімімен   
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік  құқықтық актілердің тізбесі

Р/с № Нормативтік құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі
1 2 3 4 5

1.

Ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды және мемлекеттік инспекторларды кеден органдарына іссапарға жіберу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), ЭБЖМ, АШМ

2010 жылғы ақпан

2.

«Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 794 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы ақпан

3.

Кедендік құнды айқындау әдістерін қолданудың ерекшеліктері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Бұйрық

Қаржымині

2010 жылғы ақпан

4.

«Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

Қаржымині

2010 жылғы ақпан

5.

«Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 462 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Бұйрық

Қаржымині

2010 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады