"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 17 наурыздағы № 35-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

       Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 17 наурыздағы
№ 35-ө өкімімен  
бекітілген    

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы
27 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 941 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Сыртқы істер министрлігі

2011 жылғы ақпан

2.

Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке aлу, сақтау және жою қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Сыртқы істер министрлігі

2011 жылғы наурыз

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Сыртқы істер министрлігі

2011 жылғы наурыз

4.

Қазақстан Республикасының атынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Сыртқы істер министрлігі

2011 жылғы наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады